+2 дауыс
1.8k көрілді
Кітап пен аудиокітап арасындағы қандай кемшіліктер мен басымдылықтары бар?

Айырмашылығы неде?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Сізге былай түсіндіріп берейін. Кітап - ол алтын, ештеңкемен салыстыруға келмейді, осы замандағы техника осы кітаптарға жазған ғалымдардың жаңалықтары, ақпарат көзімен пайда болып отыр. 

Бірақ қазіргі кезде мен үшін бір жаңалық оқып отырғаннан, сол жаңалықты аудио түрінде жүрген жерімде тыңдап жүрген ыңғайлы. Мейлі сіз жұмыс жасап жатырсыз, мейлі көшеде кетіп бара жатырсыз, қалаған жерде аудио түрінде тыңдап кете берсеңіз болады. Мен бір таныс досым осы ағылшын курсын аудио оқулығы арқылы тыңдап жүріп, өз ойын ағылшын тілінде айта алатын деңгейге жеткізді.

Менің санамда қазіргі кезде Подкаст деген ұғым қалыптасты. Өзіміздің және Ресейдің подкаст жазушыларының аудиоларын тыңдаймын, яғни мен интернет IT-саласына қатысты подкастерді тыңдап жүремін. 

Енді артықшылығы мен кемшілігі.

Кітап оқуға ыңғайлы, түсінікті, қалаған жеріңізден бастап оқи аласыз. Аудио нұсқасында арнайы құрылғылар керек, оны үнемі тоқ көзіне қосып жүресіз. Сапасы жақсы болуы үшін, қымбат бағалысын алуыңызға тура келеді.

Кітапты қараңғыда оқи алмайсыз, көзің шаршайды. Ал аудионы қалаған уақытыңызда, түнде болса да тыңдап жата бересіз. Көзіңізді жұмып жатсаңыз да өзіңіз білесіз.

+1 дауыс
Архун, бұл өте маңызды тақырып. Әр адам ақпаратты әрқалай қабылдайды. Бірі көзбен оқығанды ыңғайлы көрсе, екіншісі - құлақпен тыңдағанды хош көреді.
Мен соңғы кезде аудиокітаптардды тыңдап жүрмін. Себебі тыңдап оқығанда басқа әсер аласың, жақсы түсінесің.
Тілдерді үйренуге де пайдасы бар.
...