+6 дауыс
529 көрілді
мысық кіруі кіріп тұр бірақ  "Сіздің бұл амалдарды орындауға құқығыңыз жоқ " деп шыға береді мен мысықтың көршісі Шынармын
Сұрақтың жабылу себебі: Уақыты өткен, баяғыдағы сұрақтарға жауап бермеңдерші, өтініш.

6 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Мысық қолданушы құлыпталған екен, барлық жауаптары мен пікірлерін оқып шықтым, құлыпталуға негіз жоқ сияқты, Ол қолданушыны босаттым
+6 дауыс
Сәлем, Шынар! Мүмкін "Мысық" деген қолданушыға құлып қойылған шығар. Сайт ережелерін бұзған жағдайда, сайт администраторы немесе модераторы кез келген қолданушыны жазалауға (құлып қоюға) бірден-бір құқығы бар. Толығырақ "сайт ережесі" деген жерден оқи аласыз) Мысық мырзаға сәлемдемемді жеткізесіз деген ойдамын))
рахмет достар!мысық өз атынан кіре алды
+5 дауыс
мысық ник неймді қолданушы құлыпталған қолданушылар қатарында қандай тәртіп бұзғанын білмедім алдағы уақытта қарастырып қандай тәртіп бұзғанын анықтап баннан шығарамын.
+7 дауыс
Егер қолданушы сайт тәртібін бұзған жағдайда, сол қолданушыға жеке хат жіберілмеуші ме еді, неге құлыпталғаны ескертіліп. Мына жағдайда, модератордың не админнің ескертпестен құлып қоюға қақысы бар ма? Тіпті, бан қойғанда да белгілі бір уақытқа ғана болушы еді ғой, "өзім білемге" салынып, ескертпестен құлыптамағандарың дұрыс деп есептеймін. Жасаған істеріміз ашық болғаны жөн, осы өмірде де жабық істердің неге апаратынын көріп отырған жоқпыз ба?
+4 дауыс
Жоқ, кейде сайт өзі сондай болады екен.Баяғыда мен де бір рет құлыпталып қалғам.Админнің айтуынша, мені  сайт автоматты түрде шатасып спамдар қатарына қосып жіберген бе, сондай бірдеңесі бар.
Оооо  дұрыс еске салдыңыз. Кейде сайттың мүмкіншілктерінің өзін мен де естен шығып кетеді. Қазір сол айпи-лердің тізімін тексеріп көрейінші. Мүмкін соған түсіп қалуы да мүмкін.
+6 дауыс
Тамаша Макеңнің ескерткені жақсы болды. Кейде сайттың мүмкіншіліктерін өзім де түсінбей қалатын кездер болады. Қазір Админ бетінде Спам бөлігінде 3-айпи мекен түсіп қал екен. Бұл жағдай тез әрекет жасап орынсыз барлық сұрақтар мен жауаптарға дауыс беріп тез әрекет жасаса бот деп түсініп спамға тығып қояды. Ол қолданушыны банға қойылмаса да оның айпи-і спамға тығылса ол қолданушы ешқандай іс-әрекет жасай алмайды. Сондықтан мен ол жерді тазалап қойдым. Ал модераторлар жөніне келетін болса мен ол кісілерден үлкен өтініш қылған болатынмын. Алдымен қандай қолданушы болмасын Банға қоярдан бұрын неге банға салып жатқандығы туралы ескерту Жеке хат жіберсеңіздер. Сосын барып Банға салыңыздар деп. Еш себепсіз ешкімді банға салып қоймаймыз. Ең бастысы сыйластық.
...