+1 дауыс
1.4k көрілді
Жалпы менеджмент мамандығының түрлері бар деп естіп едім.Сол түрлері туралы толығырақ мәліметтер тауып берсеңіздер

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Менеджмент мамандығының түрі бар дегенді естімеппін, бірақ оның салалары болуы мүмкін. Бізде  жалпы менеджментті оқытады. Ары қарай сол салаған қатысты бағытты таңдайтын болуың керек. Мен бұл саланың маманы емеспін, бірақ мына ОҚМУ сайтының қысқаша ақпаратымен бөлісе кетейін.

Менеджмент 5В050700
Оқу мерзімі: 4жыл
Маманның біліктілігі: Менеджент бакалавры

Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары:

Кәсіби қызметтің функциялары болып және коммерциялық емес ұйымдары қызметін жоспарлау ұйымдастыру, ынталандыру, реттеу бақылау саналады.
Бакалавр бітірушінің кәсіби қызметтің типтік міндеттері болып нарықтық экономикамен қатаң бәсекелестік күрес жағдайындағы коммержциялық және коммерциялық емес  ұйымдардың жағдайы мен даму болашағын талдау мен бағалау, басқару аппаратындағы көлденең және тік байланыстары және осның негізінде тиімді қызмет пен дамуды қамтамасыз ететін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау саналады.
Кәсіби қызметтің бағыттары кәсіпорының экономикалық қызметтері мен басқаруды ұйымдастыру сұрақтарын шешу, шаруашылық субъектісі дамуының тиімділік баламаларын таңдау персонал қызметінің ынталандыру, иннвациялық қызметі жетілдіру, кәсіпорынды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру саналады.
Кәсіби қызметтің мазмұны болып өндірісті оперативті және ағымдағы басқаруын іске асыру, кәсіборын дамуында стратжегиялық, ағымдағы және оперативті жоспарларды әзіржлеу мен жүзеге асыру, кәсіпорын мен ұйымның тиімді қызмет етуіне бағытталған басқарушылық шешімдерін әзірлеу.

Жұмыс орындары: кәсіпорындар менеджері, өндірістік кәсіпорындарда және экономиканың барлық салларындағы  ұйымдарының сату, сауда жарнама менеджері, басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары (гимназия, колледж) және ғылыми зерттеу институттары.

Ал мынау өтілетін жылдық сабақ жоспары.  http://ukgu.kz/sites/default/files/katalog_elektivnyh__disciplin_gmu._menedzhment_2011.doc
Біздің заманымыздағы методист деген қызмет түріне ұқсайды екен...
Көп көп рахмет осындай жақсы дауап күтіп едім
оқу ақысы қанша?
...