+3 дауыс
10.0k көрілді
22 наурызға сценарий керек еді?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Аула. Мерекелік безендірілген. Күйлер, наурызға арналған әндер орындалады.

Жүргізуші:
Салтымен ата-бабаның
Жаңғырды қайта заманым
Тіршілік басы, о, Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
Наурыз басталғанын хабарлап арнау оқиды, халықты көрісуге шақырады. Жаппай көрісіп, қол алысу рәсімі өтеді.
Бата беру үшін Қыдыр атаға сөз береді.
Қыдыр ата бата береді:
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,
Топастықты кешпеңдер,
Ананың сүтін ақтаңдар,
Арларыңды сақтаңдар!
Жалқаулық жаудан жаман-ды,
Жеңіңдер оны күреспен:
Жеңіске жетер бірлескен.
Кең пейіл,  дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз;
Дәстүрін елдің сыйлаңдар
Дүстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!
Жүргізуші қадірлі қонақтарды таныстырады және оларға сөз береді.
Жүргізуші қонақтарды, халықты ағаш егуге шақырады. Музыка ойнап тұрады. Ағаш егіледі.
Осыдан кейін қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетіледі.
1.Келін түсіру. Бет ашар.
Сәукеле киген қалыңдықты екі жеңгесі екі жағынан сүйемелдеп жұрттың алдына алып шығады. Олардың қарсы алдына ақын келіп домбырамен (сырнаймен) беташар жырын айтады. Ата-баба аруағына, тойға қатысып отырған үлкен кісілерге өлеңмен аттарын атап, сәлем беруге келінді шақырады. Екі жеңгей келінді ілестіре иіліп, жұртшылыққа сәлем береді. Әр сәлем сайын аты аталған адамдар, жұртшылық ризалық алғыстарын білдіріп отырады. Қыдыр ата бата береді.
2.Тұсау кесу.
Жасы бірге толған, қазақша жасандырып киіндірген, үкі таққан бір немесе бірнеше баланы (ұл не қыз) қаумалаған елдің ортасына алып шығады. Жүргізуші тұсау кесу дәстүрінің мән-маңызын түсіндіріп, хабарлайды. Елге сыйлы ұл болса – ағаны, қыз болса – апаны ортаға шақырады. Баланың тұсауын кесіп беруге шақырады.
Тұсау кесуші баланың аяғына жіп байлап, ырымдап бәкімен (қайшымен), көк шөппен тұсауды кеседі. Тұсау кесу сөзін айтады. Ала жіпті байлағаным, адамның ала жібін аттама дегенім. Көк шөппен кескенім, басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ болсын дегенім деп ырымдайды.Қызыр ата бата береді.
3.Балалар күресі. 5 жұп  10 бала кілемге шығып күреседі.
4.Балалар сурет салу сайысы.
5.Отбасылық эстафета жарыс.
6.Қызметкерлердің өнер көрсетуі: ән салуы.
7.Арқан тарту. Тұрғындар екі команда болып арқан тартысады.
8.«Наурыз көже» жарысы. Дәмге шақыру.
9.Музыка ойналып, балалар би билеп, той жалғасады.

0 дауыс
маган 7 класста 22 наурыздын сценарийын жазуды тапсырган болатын.Сол кезде мен класстагы бир кыздын инисин мектепке акеп,тусауын завучтарга кескизген едик.оте кушти отти мектепке ЕН УЗДИК ФАНТАЗЁР деген марапатка ие болдым))немесе беташар истеуге де болады идеялар коп кой
0 дауыс

Наурыз тойының қалалық салтанатты шеруі «Көш-керуен»

М.Қазбеков құрастырған НАУРЫЗ жаңғырған салт-дәстүрлер кітабынан

Наурыз мейрамының салтанатты «Көш-керуен» шеруіне қатысушылар рет-ретімен сап түзеді.

1. Атқа мінген үш жаршы қолдарына мегафон ұстап, сап басына қатар тұрады. Олар басына айыр қалпақ, үстеріне сырмалы жеңіл шапан, аяқтарына шоңқайма етік киіп, белдерін белбеумен буынады.

2. Оң қанаты алтын, сол қанаты күміс күн шақырушы Қоразды қолына ұстаған салт атты.

3. Безендірілген күймеде басына бөрік, үстіне шапан киіп, белін шашақты белбеумен буынған, үкілі домбырасы бар, иман жүзді, ақ сақалды қария мен ұлттық киім киген Астана аруы отырады.

4. Жыл белгісі –Қар барысын 12 студент (алтауы қыз, алтауы жігіт) көтеріп жүреді. Оларды айнала төңірек қазақтың ұлттық киімдерін киген қыздар қошаметтеп жүреді.

5. Шығыстың киім үлгісінде киінген 6 кернейші.

6. «Құт-Береке» автомашинасы – «Шашу». Машина үстіне ұзына жол бойына шашу шашатын ұлттық киім киген қыз жігіттер орналасады.

7. Үстеріне шапан киіп, бастарына сәлде ораған, қолында ұзын дүрбілері мен қолтықтарында қысқан киіз кітаптары бар 5 жұлдызшы.

8. Сәнді-салтанатты «Ертегінің ауылы». Машина үстінде фольклорлық-этнографиялық ансамблі орналасады.

9. Бес түлік мал иелері: Қамбар ата, Шопан ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шешек ата.

10. Наурыз туын көтерген, ұлттық киім киген 12 жігіт.

11. Қыс пен Жаздың күресін бейнелейтін Зымыстан мен Табысқандар тобы, 40 кейіпкер.

12. Ертедегі қазақ ауылының сәнді-салтанатты көшін бейнелейтін «Қарқаралы көш».

13. Автомашина – «Көкат». Үстіне Асанқайғы, Жиренше, Алдаркөсе, Қарашаш, Ертөстік, Тазша бала, Шығайбай, Ақан сері орналасқан.

14. Ақ есегіне мінген Қожанасыр мен қуыршақ ат мінген 16 жігіт.

Наурыз тойын өткізетін алаң алдын-ала дайындалып, ұрандармен және күнге қаратып, жерден 2 м. 20см. көтеріп, Наурыз сахнасы жасалады. Наурыз сахнасы халқымыздың мифологиялық танымы бойынша құрастырылады. Оның ең ұшар төбесіне оң қанаты алтын, сол қанаты күміс күн щақырушы Қораз қондырылады.сахнаның төріне әлем ағашының символы ретінде діңгек орнатылады, оған тепе-теңдік белгісінің суреті ілінген.

Наурыздың сәнді-салтанатты «Көш-керуені». Бас алаңға жеткенше жол бойына жаршылар жар салып, халықты тойға шақырады:

- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім.

Ата салтын бабамның

Алып келіп Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

Береке-бірлік болсын, - деп

Көпкөжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Еңбек пенен тірлікті.

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер,

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңді

Ұлыстың ұлы күніне

Жиналыңдар алаңға,

Кешігіп одан қалмаңдар!

Күміс көмей әншілер,

Құдіретті күйшілер,

Мың бұралған бишілер,

Балтыры жуан палуандар,

Құралайды көзге атқан мергендер,

Күміс көмей, жез таңдай шешендер,

Қара қылды қақ жарған көсемдер,

Он саусағы алтын шеберлер,

Бәрің де сынға түсіңдер!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,

Озып шыққан дүлдүлге

Үлкен-үлкен сый бар!

Түскі сағат 12.00-ді соққанда Наурыздың салтанатты шеруі алаңда тоқтайды. Осы сәтте Наурыз сахнасының төбесіне қондырылған Қораз үш рет шақырып, алаңдағы мерекенің басталғанын паш етеді. Керней кернеліп, дабыл қағылады. Көш басындағы үш жаршы мен Қораз ұстаушы алаңнан тоқтамай өтіп кетеді, ал ақсақал мен Астана аруы сахнаға көтеріледі. Қарт ақын тойға жиналған жұртты жырмен құттықтайды:

«Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан!

Көгімде күн өрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп,

Қаймақ сүтін көлдетіп,

Ыризық-құтын селдетіп,

Келді Наурыз – Ұлыс күн!

Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның бұл кенелген

Күн мейрамы ежелден,

Құтты болсын, бұл Наурыз!

Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп сахнаға көтеріліп, той бастаған ақын атасына тостаған толы наурызкөже ұсынады.

- Әп, бәрекелді, жасың ұзақ болғыр! – деп риза болған ақсақал микрофон арқылы баршаға естірте:

- Кел жігіт, кел жігіт, - деген сәтте сахнадағы балалар бір тізерлеп отыра қалады.

АҚСАҚАЛ:

- Мінгендерің балалар,

Жорға-жорға тай болсын!

Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!

Ай жағыңа қарасаң,

Алтыннан терек орнасын!

Айыңда келген мейманың,

Оған атын байласын!

Күн жағыңа қарасаң,

Күмістен терек орнасын!

Күнде келген мейманың,

Оған атын байласын!

Таң мезгілі болғанда,

Бозторғайдай шуылдап,

Бөденедей пырылдап,

Берекелі құт болып,

Қызыр келіп дарығай! –

деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді. Балалар билеп болған соң, 12 керней үш рет кернеледі. Наурыз гимні ойналады. Әсем сазбен Наурыз туы көтеріледі. Сахнаға жүргізушілер шығады.

1 – жүргізуші:

- Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2 – жүргізуші:

- Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.

Сахнаға Алдаркөсе мен Қарашаш көтеріліп, «Алдаркөсе» спектаклінен ән орындайды.

ХАЛЫҚ: - Бетінен бес шыбын тайып жығылатындай жылтыр қара мынауың кім тағы?

АЛДАР: - «Мен Алдармын, Алдармын» өлеңін айтып, сонымен бірге, Қожанасыр, Тазша бала, Қаңбақ шал т.б. халықтық кейіпкерлермен таныстырады.

2 – жүргізуші:

 

- Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,

Ортаға шық, Жұлдызшалар кел бері,

Баршамызды қызықтырған биылғы,

Сізге мәлім қандай жылдың келгені.

1 – жүргізуші:

- он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.

Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,

Ниет қойып білу керек мұны адам.

Жұлдызшылар, алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына дүрбісін салып, жыл қарайды.

1- жұлдызшы:

- Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі – Қар барысы екен, жерге қонуға жақындап қалыпты.

2 – жүргізуші:

- Әрбір Жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емес пе, ата? ....Қар барысы жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айтып берсеңіздер...

2 – жұлдызшы:

- Әлбетте, қарағым, - деп, киіз кітабын парақтап жіберіп, - Егер Жаңа жыл иесі Қар барысы болса, онда туар жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болады. Көктемде кейбір жеміс-жидектерді үсік шалады.

3 – жұлдызшы:

- Бірақ соған қарамастан халқымыздың дастарқаны берекелі боп, ел ішін тоқшылық жайлайды.

1 – жүргізуші:

- Жұлдызшы ата, қар барысы жылы туғандардың тал бойындағы мінез-құлқының ерекшелігін айтып жіберіңізші.

4 – жұлдызшы:

- Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады, балам, - деп, киіз кітабының беттерінен әрі-бері аударыстырып

0 дауыс
http://goo.**/A6Q5y жыл басы наурыз - http://******.com/423-scenarii_nauryz.html
...