0 дауыс
20.1k көрілді
осыған байланысты шығындарды есептеп бере аласыздар ма? Мысалы: 5 бөлмелі үйге қандай, қанша шығын, қанша уақыт кетеді?

7 жауап

+1 дауыс
Жалпы, бұндай сұрақ мені де қызықтырады. Сосын үйді салу жағынан былай ойлаймын: мәселен үй салар кезінде төрт адам жалдайды, олар үш айда аяқтайды делік. Ал, енді сол төрт адамның тамағы мен еңбегіне жұмсаған төрт айдағы қаражатты есептеп, қысқа уақытта бітіре салуға болатын сияқты. Адам саны көп болады ол кезде.

Минусы: күткен уақыттан сәл кешігуі мүмкін, қаражат сәл көбірек шығындалуы мүмкін адам саны көп болғандықтан;
Плюсы: үй қысқа уақытта салынады, қаражат жоғарыдағы есептеген қаржы шамасында кетуі мүмкін, сосын тағы, адам жұмысқа кіріскен кезде, басында белсенді болады. Сонда белсендігі жоғары көп адам жұмыла тез салып тастайды үйді. Егер адам саны аз ғана болса, уақыт өте келе бәсеңсіп, созылуы мүмкін жұмыс.

Неге, қаражатты жинап алып бастамасқа, ай сайын 100 мыңнан құймай?
AL-ASTER сіздің көп нәрселерді жақсы білетініңзіді мойындаушы едім (әсіресе компьютер, программалау жағын), айып етпеңіз, бірақ құрылыс саласынан еш хабарыңыз жоқ екеніне көзім жетті, үй салуға 5-6 адам жеткілікті, мысалы тас қалаудан бастайық, құрылыс заңы бойынша күніне 4-5 қатардан артық қалауға болмайды, ол қанша мықты раствор болғанда да дегдіп кебуі керек (үстінен салмақ түскесін қалай еткенде де тастар қозғалып қисық кетеді), сонда 20 адам не бітірмек, төбе жабуға келгенде де солай оған да аз адам адам жеткілікті, ал шатырына келсек 2-3 адамнан артық адам не істемек, барлығы төбеге шығып алып босқа жүреді ғой.... т.с.с...., үйдің ішкі жұмыстарына келсек ол да солай, әрине, әр бөлмені әркімге беріп қоюға болады, бірақ құрылысшылардың әр қайсысының өзіндік жасау стилі, дизайны бар демекші, ол да үйлеспейтін сияқты  
Қысқасы: Қойшы көп болса қой арам өледі

Тағы бір қосарым: Үй салуға кеткен уақттың 10-15 пайызы өлшеп-пішумен (диогонал шығару, деңгейін тегістеп (уровень) шығару) кетеді, мысалы шатыр жапқанда өлшеп-кесу бір күн уақыт алады да, қалғанын бір-екі сағатта бір-екі сағатта бітіріп тастауға болады
vvvwww, сенікі дұрыс.
+2 дауыс
Менің ойымша Үй салу уақыт пен қаржатты талап етеді! Егер үй салғын келсе құрылыс жобасы табиғаттың мың құбылған апаттарыннан яғни жеті жұттан төтеп бере алатындай ада әрі қауіпсіз болу керек! Адам санына байланысты бөлмелері де тұрмыстық заттармен ыңғайлы да кең болған жөн, қалғанын осында айтылғандарына қосыламын! Солай бауырым! мүмкіндік барда уақытты жіберіп алма! ісіңе сәтілік тілеймін!
+2 дауыс
Қалай айтсам болар екен, үй салу деген оңай шаруа деп айта алмаймын. Себебі соғылып біткен біткен үй көңіліңе жақпаса бұзып қайта сала салу оңай шаруа емес,сондықтан үй салуда он ойланып,жүз толғанған дұрыс. Адам өз өмірінде бірақ рет үй соғуыда мүмкін. Жоба таңдау ең жауапты кезеңнің бірі,кез келген өзін-өзі силайтын құрылысшы тапсырыс берушінің берген жобасынан ауытқымайды, сондықтан бұл жерде келеңсіздіктер болса кінә өзіңізде болып қалады. Қазақта бір "Там салғанның тамтығы қалмайды"-деген мақал бар, бұнымен қазақтар істің жауапкершілігін,оңай еместігін білдіргісі келген болар деп ойлауға болады. Жалпы қазіргі заманға лайықтап орташа евростильдегі үйлерді соғуға Қазақстан аумағында орташа алғанда, жеке ( гострбайтер,жабайы) ұсталарға соқтырсаңыз құрылысыңыздың шаршы метірі  барлық құрылыс жабдықтарымен қоса алғанда 250$(+/- 50$) айналады. Үйіңіздің  план бойынша жалпы аумағына көбейту арқылы қаншаға түсетінін осылай шамаласаңыз болады. Егер үйіңізді заңды тұлғадағы құрылыс фирмасына тапсырсаңыз 250$-ға 100$ қосылып 350$-дан (аймақтық өзгерістер+/-50$ құрауы мүмкін) айналады. мұндағы 100$  фирманың шығындары (Фирманы ұстап түру,транспорттық, салық т.с.с) Осылай шамалап көріңіз. Адам саны ол бригадирдің ұйымдастыру қабілетіне байланысты, мерзімі тапсырыстың көлемі мен ауа райы  және құрылыстың басталу уақытына (ерте көктем,күзге қарай деген сияқты) қарай келісіледі. Міне осылай шамалап байқауыңывзға болады,бір ескерте кететін жағдай мен қабырғасына күйдірілген (жжённый) кірпіш пайдалынатын,орташа қолжетімді үйдің шамасын айтып отырмын.
+2 дауыс
Мен өз басымнан кешкен жағдайды айтайын.
Жер алып бірінші Ақтөбеден, ағам мен інім 1 жыл өздері жүріп сабан тас соқты. Қыста жинап , айналасын қаптап тастаған болатын. Келесі жылы ағам мен інім, әкем, шешем төртеуі жүріп 2 ай 7 күн дегенде 4 бөлмелеі үйге кіріп алды. 400 мындай ақша кеткен. Себебі бұрынғы үйдін материалдарын алып келген болатын. "Көз қорқақ, қол батыр" деген осы.
Үйді көтермес бұрын алдын ала қажетті құралдарын жинап алғанын дұрыс.
+1 дауыс
ҚҰрылыс саласындағы жобалаушы ретінде айтатын болсам, ең бастысы сенің үйің қай облыста (аудан, ауыл, кент, қала, елді-мекен) орналасады? Сейсмикалық аудан болса, қандай материалдан салынады? Іргетасы, ұстындары, беларқасы, қабырғалары? Егер осы аталғандар (яғни қабырғадан бөлек каркасты алып қарайтын болсақ) бетон, яғни монолит болса, онда бетонның қату, өз беріктілігіне ену деген уақыты бар, соған байланысты қалыпты (опалубка) да белгілі бір уақыттан соң ғана шешесің. Ал егер үйіңді жай ғана саман кірпіштен құямын десең құрылыс мерзімі де азаяды.
0 дауыс
Мен өз басымдагыны айтайын 10 жыл құрлысысшы болғанмын 8де 8 үйді жалғыз өзім 3 айда салдым. тек ертелі кеш ең бастысы ниет ақшаға келсек тек 1000000 дай кетті.
8 жасыңда 8 үйді үш айда  соғып жүрсең мықты екенсің... Сонда қалай 8 үйге бар жоғы 1000000 тг қаражат кетті ме?
jako өзіңнің басың бар ма әлде қазақша нашарсын ба, кі8 жасында үй салады. ол жерде 8де 8 деген соз 8 на 8 дейін ба
Бұл жердегі топас та,өтірікші де, қазақша білмейтін де сенсің. Басында миы,сауаты бар адам көлемі 8 де 8 метр деп,не болмаса 64 м,кв. деп жазады,және  сөздерді қатесіз жазады. 10 жыл құрылысшы болдым дейсің , өтірікші болмасаң жалғыз адам үй салдым деп айтасың ба? Бес қатардан соң саған кірпішті кім әпереді, қоспаны кім даярлап береді,жалғыз өзің қалай соғасың. Жалғыз адам киіз үйді де тіге алмайды,шаңырақты көтеріп ұстап тұратын адам керек. Бір млн. теңге ғана кетті дейсің, орташа үйдің тек қана санузелмен ваннасы,душына ғана ол ақша жетпей қалады,сен малқора соққан боларсың. Сен сияқтылар өтірігімен  ел бұзатын итсіңдер,өзіңнің басың бар ма деп қоясың тағы, мен сенде бас бар ма деп сұрар едім. Он жыл құрылысшы болсаң,он бес жасыңнан жұмыс бастасаңда жиырма беске келген жігітсің,жазған әңігімеңнің түрі анау,сен сияқылардан не үміт,не қайыр. Мен саған артық не жаздым басым болмайтындай.
0 дауыс
Үй салуға кеткен материалдың бағасына байланысты. Мен көлемі 9 Х 4,5 м. Дүкен салдым, соған 300 000 теңге қағаз,құжаттарына кетті ,кірпіштеріне тағы басқа материалдарына, жұмыс ақысына жалпы 1500 000 тенге кетті,ол онымен біткен жоқ, әлі евро жұмыстары күтіп тұр,сыртына керама гранит алу керек әлі таға 1000 000 тенге қажет боп тұр.Жалпы 2800 000 -3000 000 тенге жұмсалады.Жалпы оңай емес екен. Ағам 18 Х 14 м. үй салды,төбесі мансард,оған 50 000 доллар ақша жұмсалды. Ақшаның бәрі эвроматериялдарға кетеді. ал арзан табиғи саманный материал қолданып сондай үй тұрғызуға болады, бірақ Шымкент жақта ондай үй салған ұят боп саналады ,қазіргі кезде.

Ұқсас сұрақтар

...