AL-ASTER сіздің көп нәрселерді жақсы білетініңзіді мойындаушы едім (әсіресе компьютер, программалау жағын), айып етпеңіз, бірақ құрылыс саласынан еш хабарыңыз жоқ екеніне көзім жетті, үй салуға 5-6 адам жеткілікті, мысалы тас қалаудан бастайық, құрылыс заңы бойынша күніне 4-5 қатардан артық қалауға болмайды, ол қанша мықты раствор болғанда да дегдіп кебуі керек (үстінен салмақ түскесін қалай еткенде де тастар қозғалып қисық кетеді), сонда 20 адам не бітірмек, төбе жабуға келгенде де солай оған да аз адам адам жеткілікті, ал шатырына келсек 2-3 адамнан артық адам не істемек, барлығы төбеге шығып алып босқа жүреді ғой.... т.с.с...., үйдің ішкі жұмыстарына келсек ол да солай, әрине, әр бөлмені әркімге беріп қоюға болады, бірақ құрылысшылардың әр қайсысының өзіндік жасау стилі, дизайны бар демекші, ол да үйлеспейтін сияқты
Қысқасы: Қойшы көп болса қой арам өледі
Тағы бір қосарым: Үй салуға кеткен уақттың 10-15 пайызы өлшеп-пішумен (диогонал шығару, деңгейін тегістеп (уровень) шығару) кетеді, мысалы шатыр жапқанда өлшеп-кесу бір күн уақыт алады да, қалғанын бір-екі сағатта бір-екі сағатта бітіріп тастауға болады