+4 дауыс
599 көрілді
Интернет желісін оқыту әдістемесі.   Осы таықырыпқа курстык жумысым бар еди кайдан алуға болады?

1 жауап

0 дауыс
Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өтпелі осы кезеңде, әсіресе, ауқымды ақпараттық жүйе – Интернет желісінің маңызы зор. Интернет күн өткен сайын өзінің қолданылу аясын кеңейтіп, тоқтаусыз дамуда. 1997 жылы  әлем елдерінің 50 млн. компьютері ауқымды желіге қосылған болса, 2001 жылы жарты миллиардтан астам халық бұл қызметті пайдаланған. 2004 жылы жер шары тұрғындарының 13%-ы Интернетке қол жетімді болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 41%-ға жетіп отыр. Интернет адам өміртіршілігінің кез келген саласына әсер етуде. Сондықтан қазіргі заманғы жаңа тұрпатты маманға қойылатын жоғары талаптардың бірі – Интернет-технологияларды пайдалана алуға қабілетінің, икемділігінің болуы қажет. Осыған байланысты, кәсіби білікті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен педагогика ғылымына артылатын жүк те ауқымды болмақ.[толық ақпарат][1]


  [1]: https://docs.google.com/viewer?a=v&q=cache:YEaoshT8f_cJ:www.korkyt.kz/Docs/kanatbaeva.doc%20%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82%20%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D1%96%D1%81%D1%96%D0%BD%20%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D1%82%D1%83%20%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96.&hl=kk&**=kz&pid=bl&srcid=ADGEESgpO6BWMdtE4CmO9AHA-eD1LQ2OKgKjSqKVT2EDtogroMAJiJys6xWJdzSkQmpZiYfS7g4wEGHrbxaL7-A5ByXUP6I_E4nGr-a5GjqQix9WYGvlSEavJKnkc8hDV2Hu1OEOYbgU&sig=AHIEtbQcAj_4SDGB-O0v0C9u55oXtGxd2g
...