+1 дауыс
2.9k көрілді
Қазақтың ұлттық  үйі ол киіз үй.Оны бәріңіз білесіздер.Ал енді осы киіз үйдің құрылым бөлшектерінің атын жеке-жеке атап беріңіздерші?

3 жауап

0 дауыс
[мына бейнебаянды қарап көріңізші][1]


  [1]: http://kiwi.kz/watch/8br5bhluls8e/
+2 дауыс
1) Кереге - киіз үйдің қабырғасын құрайтын жиналмалы, тор көз тәріздес қанаттардан тұрады. Қанаттар жартылай шеңбер тәріздес орналасып, бір-біріне жалғаса отырып, киіз үйдің қабырғасын құрайды. үйдің көлемі қанаттың санына сәйкес болады. Киіз үйде 4-5-тен 12-ге дейін қанат қолданылады. Кереге бір-біріне қиылыстыра орналасып, қайыспен өз ара бекітілген сағанақтардан тұрады. Сол себепті, ол оп-оңай керіліп, қайта жиналып отырады.

2) Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар. үйдің қанаты көп болған сайын, оған байланатын уықтың саны көбейіп, уықтарының ұзындығы ұзарады.

3) Шаңырақ - шеңбер тәріздес, иілген ағашпен жалғастырылып, ортасынан күмбез тәрізденіп бір-біріне қиылыстыра орналасқан сырық ағаштармен бекітілген конструкция. Шаңырақтың көлемі (диаметрі мен ағашының қалыңдығы) киіз үйдің көлемімен (қанат санына сәйкес) тығыз байланысты. Сонымен бірге шаңырақ киіз үйдің терезесі, түтін шығатын орынның қызметін атқарады.

4) Есік (сықырлауық) - екі жаққа айқара ашылатын табалдырыққа бекітілген қос қанаттан, маңдайша, босағадан тұрады.

Киіз үйдің аталған бөліктерін жасауға ағаштың түрлі сорттары пайдаланылды. Киіз үйдің қанаттары мен уықтары шеберлердің қолында оңай майыстыруға ыңғайлы ағаштың жеңіл сорты-талдан жасалды. Шаңырақ жас қайыңнан жасалса, босаға мен есіктер қарағайдан жасалды. Жарма есік пен шаңырақ ойылған өрнекпен өрнектелді.

Киіз үйдің киіз бөліктері көлемі мен түрі жағынан әр түрлі төрт кесіндіден тұрады.
1) Туырлық - киіз үйдің қабырғасын жауып тұратын киіз кесінді. Туырлықтың саны - киіз үйдің көлемімен тығыз байланысты. Мысалы: алты қанатты киіз үйге төрт туырлық жабылады.
2) үзік - киіз үйдің төбесін жауып тұрады. үзіктің саны туырлықтың санымен бара-бар келеді.
3) Түндік - шаңырақтың үстін жауып тұратын төрт бұрышты киіз кесінді.
4) Киіз есік - есіктің сыртынан жауып тұратын тік бұрышты киіз кесінді.
""үзіктің саны туырлықтың санымен бара-бар келеді."" Димаш -ау саған олай деп кім айтты? бір үйде төрт туырлық болса, екі ғана  үзік болады !!!білмесеңіз шатастырмаңыз!!!
Белгісіз
0 дауыс
Керегенің сыртынан қаптайтын "тоқыма ши"- деген де бір  бөлшегі болады.

Ұқсас сұрақтар

...