+1 дауыс
21.7k көрілді
Маған тігін машинасының шығу тарихы және бесік және оның  түрлері деген тақырыпта материал керек еді. Алдын ала рахметімді айтамын

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тігін машинасының тарихы

Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын XV ғасырда Леонардо до Винчи ұсынған. 1755 жылы Вайзенталь Карл қол тігісін жүргізетін машина ойлап тапты. 1808 жылы Д. Пири бір жіпті тез тарқатылатын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлнекті машина жасады. Бұл машиналардың кемшілігі астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді. Ал 1844 – 1845 жылдары американдық Элиос Хант инженер Уолтер Ханттың машинасының принципін қолдана отырып, бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. Элиос Хантты « тігін машинасының атасы» деп те атайды. 1850 – 1851 жылдары америка
ндық Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді. Сөйтіп 1870 жылдан бастап АҚШ – ” Зингер ” фирмасы кеңінен етек жайды.
1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында ” Зингер ” заводы ашылды. Осы кезден бастап машинаның сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп, фирманың белгісін жазатын болды.
Машинамен тігілген бұйым сәнді әрі сапалы көрінді. Машинамен тіккен тігіс, қол тігісіне қарағанда, жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады.
Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандыққапты машина, стол-шкафты, жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді. Тігін машинасының үш класы шығарылады: тек тура тігісті—2 М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін — 132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін, сондай-ақ өрнек жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар.

 

Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік (әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.

Бесіктің жасау-жабдықтары

Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.

Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.

Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).

Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.

Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.

Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.

Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.

Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.

Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.

Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған жөн. Шүмек баланың денесіне баптау үшін қырларын тегістеп жылтыратып, зәрді сорып алмауы үшін майға қайнатып алған соң пайдалана беруге болады.

Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген, кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол бесікке бөленген жас нәрестені маса-шыбыннан, желден, шаң-тозаңнан, күн көзінен, суықтан қорғайды.

Ұқсас сұрақтар

...