+3 дауыс
1.8k көрілді
Мен сырласар дос таба алмай сиздерден акыл косуларынызды сурагым келип отыр.мен 18жастамын 2жасар балам жолдасым бар.турганымызга 3жыл болды.арамыз мулде киындап кетти жиі урыссамыз.кишкене ишсе болды кози кормеи куып кетет,мени корлап турли арсыз уятсыз нарселер жасап мени корлап, зорлык корсетеди!бир куни мени олтирип тастайма деп коркам!нестесем екен ажырасып тынсам ба?жауаптарыныз акылга конымды болуларын сураймын!

10 жауап

+6 дауыс
Сонда 15 жасында тұрмысқа шыққанбысың? Қадірін кетіп қалған күйеуіннің алдында, емдету керек тез арада. Есін жияады біраз өмірінен көрінбей кетсең, бірақ саған кетіп қал дегенім емес... Жазғандардың ешқайсысын іс жүзінде іске асырма, өзің ойланып жаса. Қазір былай істе деп, екі жастың ортасына түсіп қаламыз.
–6 дауыс
Ондай күйеудің болғанынан болмағаны жақсы,көп ойланудың қажеті жоқ. Ажырасу керек,сондай адамдарды түсінбейм ішіп алып бұқаланып,басқаға тиісе алмай,әйелінен ақысын алатындарды. Сен жассың 18 жас деген не ол? Әлі көрер бақытың алда! Ең бастысы өткеннен сабақ алып,бұрынғы қателікті жасамау! Алла жар болсын саған бойжеткен! Бақыт тілеймін! Айтарым саған осы!
Арадағы бала не болды?
Жоқ мен бұған қосылмаймын оның баласы бар емес па? мысалы сен баласы бар қатынға үйленетін ба едің... Өліп қалсаңда уйленбейсін...сондықтан сабыр сақтау керек...
ия баласымен қайда сияды сосын....
Жетім емес шығар,ата-анасы бар ғой,анасынын қолында болады,оған дейін қыз оқысын,өз ортасын тапсын! Сол мезетте жақсы жігітте табылып қалар! Айтқым келмеген еді бірақ менің туысқан тетем де осындай жағдайға тап болған еді,баласын өз туған анасының атына жазып қойды.Ештеңе де бүлінген жоқ,татем қазір жақсы жар тауып(баласы бар екенін біледі)өмір сүріп жатыр. Қыздар ойланыңыздаршы 18 жаста! 30-35 жаста болса айтуға болар еді көн,сабырлық сақта деп! Бірақ қыз жас,көрер жарығы алда!!! Менің ойым осындай! Қарсы шыққаныма ренжімеңдер қыздар!
Болмайды олай.Бәрібір ата-анасы қызын 3жылдан кейін баласын жетектеп қайтып келсін деп емес,отбасымен келіп қонақ болып кетеді деп ойлайды.Шыққан қыз шиден тысқары, туған қызы болсада ол уйге сия алмас.Қыз жат жұрттық, барлық нәрсені қойып барған жеріне судай сіңіп тастай батуға міндетті.
–3 дауыс
Барар жер басар тауың болса, қорғаныш ата анаң болса, көзді жұм да кетіп қал. Қолы үйреніп қалған еркек өмір бойы қоймайды, оның үстіне ішетіні тағы бар екен. Алтын жастық уақытыңды қор қылма дегім келеді,жұмыс істе, біреудің жұдырығының астында жүргеннен сүйіктісі болған жақсы емес пе?
–1 дауыс
Урып согып , корлык корсетип жатса , милиция кызметкерлерине хабарласып , 15 кундикке жаптырып таста , шыккасын тагыда тииссе , тагыда милицияга тапсыр, осылай еки уш рет истесен ози кояды бундай арекетин . Жалпы   айел заты болгасын , кандайда болмасын жагдайга, акылмен дурыс шешим кабылдау керек.
 Ойбай урды сокты деп, кит еткенге , ажырасып кетип жатсак не болады??? Сырттагы адамга айту онай ажырасып кет деп. Сен олай истеме !!! Басынды котер, бойынды тузе , айналана кара,адеми бол, адеми киин, адеми сойле, сабырлы бол, кунделикти омирде кандай кателиктер жибергенинди сарапка сал, соны тузеуге тырыс, озиннин терис напсилеринди жене бил , еринбе, жылап , омирден тунилип отыра берме !!!! Бул сенин колыннан келу керек. Келеди де ! Тек кишкене уакыт керек. Жалпы бир ескертетиним, "Жаман еркекти, жаксы айел такка отыргызады"деген бар. Ойланып кор. Алдагы омиринине саттилик тилеймин! Сен бакытты болуга , суйикти болуга тииссин !!!! Боласын да !
+6 дауыс
Өзін өзі жамандаған жатқа қор болар!
Бұл сұрақты оқып отырып ұялдым.Дүние жузінде неше адам болса, сонша тағдыр бар.Онда басында неге жігітіңізді зеріттеп,өмірңізді сеніп тапсыра алатын,адамды танып барып куйеуге шықпадыңыз? ал, ажырасып тындыңыз делік....балаңыздың жағдайы не болмақ....соны ойладыңызба? небәрі 18жастағы жас келіншек екенсіз....Барлығы алақаңызда емеспе?куйеуіңізді адам етіп , жақсылығын асырып, жамандығын жасырыңыз!Қыз қылығымен суйкімді....Неше турлі тағамдарды әзірлеп, оның жанынан табыңыз әрдайым...Есіңізде сақтаңыз: Ашулы жұдырық күліп тұрған бетті ұра алмайды...сондықтан болмашыға ренжісіп...араңыздағы періште нәрсетеңіздің көңіліне дақ түсіріп алмаңыз....Мен Құдай сақтасын сіздің орныңызда болмайын, бірақ осы хатты оқи отырып сіздің орныңызға қойып көрдім....мен өзімнің отбасындағы кикілжіңді сайт түгілі әке-шешеме, досыма, ата-енемеде айтпас едім.



Ақылды қыз тұрмысқа бақытты боламын деп емес, бақытты етемін деп шығады.Ұрыс-керісте, дау дамайда, ундемей отыра беріңіз болмаса аузыңызға құм толтырыңыз.Одан жаман болмайсыз.Бірінші иілгенде тұрған ештеңе жоқ.Сіздің бақыт құсыңыз өз қолыңызда.Еркек болған соң, ол да әлі жас болған соң арақ шарапқа құмар болады.Сіз оны дұрыс жолға салып, шамалы тәрбиелеп алсаңыз болғаны.

Ешнәрсені де жеңіл ойламаңыз!
жарайсыз! ерінбей әрі ұзақ жазыпсыз, ой өрісіңізге қайраң қалам, сіздердей қыздар осы күнде де бар екен ау... рахмет сізге "барлық қыздар бірдей" деген ойымнаң айныттыңыз
Онда осы сұрақты оқи отырып сабақ алыңыздар.Болашақ жарыңызға қол көтермек түгілі, ауыр сөз айтпаңыздар.Ол қыз әке- шешесінің үкілеп отырған қызы, біреудің апа-қарындасы.Ендеше болашақта ондай қателікке  жол бермеңіз!
жас еркек болған соң араққа құмар болады дегенді түсінбедім, ол пәле  жас таңдайтын ба еді қазақта болар бала он бесінде баспын дейд, болмас бала қырық бесінде жаспын дейд дейді гой. осы күнге дейін ақылы кірмеген еді кірер деп ойламаймын. басынан өтпеген адамға ақыл айту қиын гой!
Ал, солай делік бірақ жақсы әйел жаман еркектіадам етсе, жаман әйел жақсы еркектінадан етеді деп ата-бабамыз қалай дөп басып айтқан?
Менің басымнан өтпеседе(Аллам басқа салмасын), небір қаракөз келіншектердің бастарынан өтіп жатыр, барлығы ажырасып жатырса біздің болашағымыз не болмақ?
Оданда жаман отбасылар бар емеспе?Жас жұбайларғой...әлі-ақ түзелер деп үміт күтіп жүргеннен тәрбиелеуді қолға алыңыз.Жәнеде стастистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда әрбір еркекке 4-5қыздан келеді.Ал ажырасты о не еркекке тиер қыз көп, отырып қалған.Ал, баласы бар келіншекті кім алады?Жәнеде сізді өз отбасыңыздан басқа ешкімге керек емес болып қаласыз? Кейінен болашақта балаңызда өз отбасының түтінін тутеді?бірақ әкенің қаттылығын сезінбей өскен бала өз балаларын қалай тәрбиелемекші?
Не болсада кейін қу тізесін құшақтап жалғыз өзіқалғаннан, қазір қаттысына шыдап кейін куйеуімен барлық тәттіні бірге көргенге не жетсін!Бірінші бақ-бақ, екінші бақ-бақбақ.Бақыттарыңызды аяқ асты етпей, аялай біліңдер!
алып қосарым жоқ, толықтай келісемін! керемет! *қызығып та қызғанып та оқып отырмын сіздің жазғандарыңызды*
келіспейтіндеріңіз болса маған айтыңыз неге спам қояды екен.... қоя беріңіз мен жаным ашып пернетақтаны тез-тез басып ұзақ, түсінікті етіп жауап жазуға тырыстып, алған жауабым спам ба?маған бәрібір спам қоя беріңіздер тек жасырын емес....
спам қойғандары артық болыпты шынында... мен ыңғайсызданып қалдым ғой...  мен мүлдем спам қойған емеспін...(
+3 дауыс
Куйеуіңіздің жасы қаншада өзі...не болған жағдайда да сабырлық таныту керек... Үйлену оңай -Үй болу қиын дейді ғой...Сіздерде барлығы жақсы болып кетуіне тілектеспін...
+2 дауыс
Мұны өзің шешім қабылдап шешуің керек еді, тек бірден бақытты болып кетпейді ешкім, әр нәрсенің уақыты бар, сен оған күліп қарап, жаса дегенін жасап, әрдайым күлімсіреп жүрсең ол саған қорлық көрсетпейтін шығар, балаңды да бір ойлашы, кайін мұны естісе қандай күйде болады?!!!!!!
+2 дауыс
...үйленбестен бұрын ойлануыңыз керек еді ғой... біз бұл жерде тек сіздің айтуыңызбен, яғни, сіздің көз қарасыңызбен қарап тұрмыз, қазақта сөз бар ғой "елді атам басқарады, атамды әжем басқарады" деген, үйдің берекесін келтіретін де кетіретін де әйел! Әйел қандай болса - үй сондай! Өз ақылдылығынызбен, алдап болсада күйеуінізге айтқаныңызды істете біліңіз! Баста солай жасауыңыз керек еді, қазір де кеш емес! Намазға жығылыңыз, сол кезде сізге қол көтеруге жүрегі дауламас, Исламда әлсіздерге қол көтеру үлкен күнә болып табылады, Алла да өз жазасын берер. Бірден ажырасып кеткеніңіз жөн болмас, "тастай батып судай сің" деп ұзатқан қызсыз ғой өз кезінде. Алладан үміт күтіңіз! аса мейірімді АЛЛА жәрдем болсын!
+2 дауыс
Бұл өмірде алланың  өлшеп, есептеп қойған өмірде, қиындыққа мойымай істеген қылықтаымызды таразылап, ақылмен шешеу керек, Өмірдің қатал-сынақ заңына жас-жұбайлар үшін 5 жыл шыдаса болды. тіпті болмаса ары қарай өздеріңнің шешімдеріңді өзің қабылдайсың, ал жұбайыңа төмендегі айтып кеткен үлестеріне қосыламын. Алпауыттан ат мінсең, жақын болар алысың. Әдепті - арлы жар ( сүйсең ) алсаң, Оңғарылар бар ісің - демек! Мен қазір балаға зар болып осындай жағдай басымнан өткен, қазір 6 жыл өтті бала болмаса да алладан үміт үзбей  бәрі түзелді, өмірдің дәм- тұзын бірге көріп жатырмыз. сәл сабырлық танытуың керек! жүректен иман кетпесін, бақытыңды басқадан іздеме ол сенің жүрегіңнің түбінде, бақыт - деген даналық қой даналық ол алақаныңдағы жарық шырақ емес пе!? қараңғыда адасып жүрген жан жарыңды жүрегіңннің түбіне жол сал. сонда отбасыңды сақтап қаларсың! иманды бол! отбасыңа береке, бақ-дәулет қонсын! -деп тілеймін!
0 дауыс
Білмеймін не айтатынымды.Менің де басымдағы оқиға дәл солай

Ұқсас сұрақтар

...