+2 дауыс
755 көрілді
Сәлеметсіздерме?! Менің атым Алия. Үйленгеніме 10 жылдан асты,  3 баламыз бар. Өзім мұғаліммін. Күйеуім жалақысын 8 ай болды үйге әкелмейтін болды.Қосымша тапқан ақшасын да бермейді. Сұрасаң күнделікті нан, сүт деп сытылып кетеді. Азарттық ойынға құмар. Балаларына өте дөрекі сөйлейді, боқ ауыз айтады, басында жағамды ұстап қорқатынмын, талай мәрте айттым да, Балаларым өз үйлерінде (әкесі келсе)емін-еркін күліп-ойнап отыра алмайды. көзін алайтып, жекіп отырады балаларға. Өзімнің жалақым 2 кредит төлеймін, пәтер жалдап тұрамыз содан артылмайды, Мектепте жинайтын ақшаларын естісе мектепке барып айғай-шу шығарып кетеді, Балаларым ұялмасын деп күйеуіме айтпай, аннан-мыннан тықпыштап білдіртпей беремін. Қабағы ашылмай, аузынан бір ауыз жылы сөз шықпаған, мейірімсіз адамның қасына жатуға да жиіркенетін болғанмын, суынып кеттім. Ызалықпен (Құдай өзі кешірсін) қолымдағы затты жіберіп қалатын болдым. Балаларымның болашағына қатты алаңдаймын. Кек сақтап қала ма, мінездері өзгеріп кете ме деп. Не істесем болады? Кеңестеріңіз керек

3 жауап

0 дауыс
Ажырас.болмаса туысқан ағаларыңызға айтып.урсын.есын білсін
0 дауыс
Ажырас ондай байдан өзің ғана емес екі ортада баланың психикасын бұзасын. Өзіңіз депересияға ұшырауңыз мумкін. Негізі ажырас деген кунə мумкін жағымды иіс су алып, тартымды көйлек киіп, ең суйікті тамағын жасаңыз. Балаларды 1кунге Ата- анаңызға апарып өзіңіз бетпе-бет отырып сөйлесіңіз.
0 дауыс
құмар ойынайтын еркекке дауа жоқ , ауруғой ол . Біздің  үйде де бар сондай бір ауру. Басында өте ақ жарқын кең пейіл , көңілді жан еді . Қазір сол ойынның кесірінен әбден бұзылды , өтірікті шындай қылып айтып балаларға мейірімі түспейтін , өзімен өзі бір жүрген қуыс кеуде есалаңға айналды.

Ұқсас сұрақтар

...