+5 дауыс
3.1k көрілді
Жұлдыз-жорамалға жүгінесіз бе?сәйкес келе ме? ал түс жоруларға ше?

4 жауап

+3 дауыс
Ассаламу-алайкум!Өз басым сенбеймін себебі ол Аллаға серік қосу тағдырымды жұлдыздарға тапсырып қойсам егер сол жұлдызға Аллаһ тіл бітірсе күлетін еді ей ақымақ  мен өзім Аллаһтың тағдырыма не жазғанын білмеимін сенің тағдырыңды қайдан білеиін деп,менің бір танысым Шымкенттік редакцияда істеп жүрген кезінде жұлдыз жорамалға ойымызға келгенін жазамыз дейтін
+2 дауыс

Иә, жұлдыздар арқылы жорамал жасау - адасушылардың амалы. Ал оған сену де туралық емес. Бұл  Аллаһқа серік қосуға итермелейтін іс.

+1 дауыс
АссалямуалеЙкум!! жулдыз жорамал- бул балгер баксынын ІсІ.. АЛЛАХка серІк косушылардын катарына жатады..сондыктанда сенудІн тукке де кажетІ жок..аЙтадыго..бугІн аЙелІне катты болма урсысып калуларын мумкІн деЙд..субханАЛЛАХ.АЛЛАХ сІзбен бІзге һидаяд берсІн иншАЛЛАХ
+1 дауыс

Жұлдыз жорамалға жүгіну деген бұл үлкен күнә. Өйткені Аллаһтан басқа тілегіңді, батаңды, дұғаңды басқа да мүдде мақсатыңды орындауға ешкімнің және ешнәрсенің де күші жетпейді. Жорамал деп аты айтып тұрғандай бір нәрсені, тек бір адами ғылымға ғана сүйене отырып соған тұспал жасау. Яғни жұлдыз әлемін зерттей келе тұспалдап, теңестіру. Ал адамның тағдыры тек Аллаһтың қолында. Оның ертең күні не болатынын, қандай оқиғаға тап болатынын айта алмайды....тек жалпылама жорамал жасайды. Барлығын да көруші, естуші тек жалғыз Алла болғандықтан, одан басқа ешкімге сенуге болмайды... сенгеннің өзін мен ширк қатарына жатқызамын.

Ал, жұлдыз жорамалға сенбесек "ол неге сәйкес келеді немесе орындалып жатқан кездері де бар ғой" деген арамызда адамдар да шығады. Жындының сандырағы келеді деп бекер айтпағанғой, оның мәнісі "Аспан әлемінде періштелер адамдардың өмірі жайлы (біледі), ертеңгі күні жайлы әңгімелесіп жатқанда өсекшіл (арам) шайтан естіп қояды екен. Ол жер қабатына жеткенше сол періштелерден естігенін жүз есе өзгертіп, оған қоса өзінің өтірігін араластырып жеткізеді. Сондықтан тәуіптер мен жұлдыз жорамал, тағы сол секілділер жын мен шайтанның көмегі арқылы болып жататын құбылыс.

Түс жоруға келсек адам ұйқыға кеткенде, оның рухы өзінің қалыпты күйінен шығады екен. Негізінен көрген түсіңді орнында ұмытқан абзал болады. Оны жорудың еш қажеті шамалы...  Алланың берген өмірін болжап, одан асып кете алмайсың.     

Осы мәселелердің нақты жауабын  іздегендер иман жолынан табатындарына кепілдік бермін. Өйткені барлық мәселенің жауабына Қасиетті кітабымыз "Құран" жауап береді.

...