+1 дауыс
496 көрілді
Жалпы, мектепті бітіргелі жатқан, алайда не нәрсеге қалай дайындық жасау керектігін білмейтін оқушыларға нені ескерген жөн?!
Қысқасы, мектеп өзі бір әлем болса, университет екінші әлем. Олай болса екінші әлемге өтуден бұрын онымен танысып, дайындық жасау керек.
Осы тұрғыда сұрайын дегенім:
1) Өзі мамандықты қалай таңдарын, қайсысына барарын білмейтін оқушы не істеу керек?!
2) Дайындық курстарына барып қана қоймай, ҰБТ-дағы басқа қандай дайындықтар қажет?!
3) Оқушы өзіне мамандықты қалай таңдағаны абзал, нені ескергені жөн?!
4) Қазіргі кезде қай университет және мамандық ең озық немесе жақсы деп есептелінеді?!
    Осы және өзге де сұрақтарға бұрыннан келе жатқан тәжірибелер мен қазіргі заманның озық жетістіктерінің желісімен түсіндіріп, көмектессеңіздер екен деймін. Рахмет, еңбектеріңіз еселене берсін! Алла жақсылықтарыңыздың жемісін жазсын!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1)      МАМАНДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?
 Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе ғарышкер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң - сенде ешқандай проблема жоқ. Анаң және апаң не айтса да, химия және биология бойынша оқулықтарға қызығушылық танытасың немесе «жас физик» үйірмесіне барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің.
Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.
 Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы - бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді. Егер саған бәрібір болса, ең жаманы сол: анаң қолыңнан жетелеп заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих «ұнайтын сияқты»), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.
 Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі категориясында пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген.  Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды. Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар әкелері қайда жұмыс істейтінін, ихтиолог деген кім екенін білмейді және мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар.  Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға  қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ.... ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.
Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары  сай келуі керек. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде  тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады.  Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.
 Кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б.  Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес  ҚАБІЛЕТТЕР бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.
 Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет.  Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.  
 Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе «Мен қандаймын?», «Осы әлемде мен кіммін?», «Немен өмір сүремін?» деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге (бұл сұрақтарға толығымен ешқашан жауап бере алмайсың) қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара.  Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның немесе сүйікті қызыңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам  шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр.
 Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді «ұялшақпын» деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды.  Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны. Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта. Еңбектенуге, жұмыс істеуге дағдылан. Жалғыз қабілеттермен алысқа бармайсың. Екінші жағынан, қызығушылық – тұрақты зат емес. Көптеген балалар қандай да бір оқу пәнін жақсы көреміз деп ойлайды, бірақ шын мәнінде оларға мұғалім өте ұнайды. Сонымен бірге саған психология немесе экономика пәндерінің ұнайтындығын түсіну қиын, өйткені бұл пәндерді мектеп қабырғасында оқытпайды....  Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін  кеңейту керек.  Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері  жайлы сұрақтар қойыңдар - әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың....

2)   ҰБТ-ға дайындық

Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.

Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.

Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.

Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.

Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.

Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.

Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
ҰБТ қарсаңында

 Көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.

Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.

Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.

Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.

Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.

Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.

Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.

Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.

Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.

Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек. Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
 Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!

3)    Сен мына мамандықты таңда!!! - деп басып айтуға болмайды...
 Мектепте қандай пәннен жақсы болдың, саған қандай сала ұнайды, келешек жұмысыңды АҚША үшін бе, әлде "Призвание" статусын тағып, Отаныңа қызмет ету мақсатында ма, қаншалықты дайынсың, түпкілікті нәтиже қандай болады, Сен таңдаған жол - осының бәрін саралап, Мамандық тізімін бір шолып, негізгі мамандығыңды Өзің таңдағаның дұрыс! Қазақстанның қазіргі саяси жағдайын да ескерген жөн...
 * Өз басым, түбінде ЗАҢГЕР болуды шештім. Бүгінде Құқықтану факультетінде оқудамын. Өзіме өте ұнайды.. Қазір екінің бірі Заңгер дей тұрса да, солардың ішінде адал, білімді, тәжірибесі мол, жұмысқа қабілетті маман болуды көздеймін... Таңдауың - Болашағың...Қателеспеуге тырыс! _ _ _ #Edu

4) 1.  http://www.kaznu.kz/   2.  http://rus.nu.edu.kz/    3.http://www.enu.kz/kz/    888)  https://surak.baribar.kz/48659/?show=48680#a48680
...