+1 дауыс
2.2k көрілді
Мысалы, кейбір өлеңдерді оқып немесе жаттағанда ерекше сезімге бөленесің, осы сияқты ,мейлі ол қай тақырыпта болса да(whew)

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Шыда, шыда, шыдай түс , шыда тағы!
шыдамдыны мына өмір ұнатады
үміттің құлан иек құла таңы,
әйтеуір бір атады, бір атады,
өкінбе, өкпелеме бүгініңе
өмір, өмір болмайды түңілуге,
қайта тұрып, қақың бар жүкіруге,
білемін жаныңның ауырғанын,
шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағың ,
иоктардың тәсілін хабылдағың,
бақасына бас ұрып бағынбығың,
шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы!
тау құлатқан тасқынның ағысын да,
кір жуытпай , кіршіксіз намысыңа
алысуға болады, қалысуға!!!
Мұқағалидің өлеңі өмірден түңілген , өмірдің ащы кермек дәмін татқан жандарға арналған.....
Жақсы өлең екен
+1 дауыс
<font color='red'>~ Шеше, сен бақыттысың! ~ </font>

<font color='blue'>
 Шеше,
 Сен бақыттысың!
 Жыламағын.
 Жай түсіп жатқанда да құламадың.
 Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
 Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
 Тірімін ғой,
 Қасыңдамын.
 Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
 Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
 Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
 Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
 Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
 «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
 Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
 Шеше!
 Сен бақыттысың, тербете бер,
 Құба талдан иілген бесігімді...</font>

<font color='red'>~ Мұқағали Мақатаев ~ </font>
+2 дауыс
Ауру жүрек ақырын соғады жай
       Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,
Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.
Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп,
Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.
Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,
Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп.
Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,
Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін.
Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын.
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай.
Кейде ыстық тағы да қан басады,
Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай.
         ![description][1]


  [1]:
+2 дауыс
Қалқаман Сарин!  КҮРСІНБЕ әнінің өлеңін жазған және менің ұстазым

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.

 

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы.

«Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған.

 

Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафердрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

![description][1]

Күндер қайда кешегі өткен,
Нұрға бөлеп таңымды.
Жаным неге, не себептен,
Тағдыр жолы тарылды?
Келсе-дағы неше көктем,
Гүлге орамас бағымды.
Мұңға айналған осы елеспен,
Жұбатамын жанымды.

Өзге жанның қолындағы
Мен ұнатқан гүлсің бе?
Мөлдір мұңды жаныңдағы
Мендей ұғып білсін бе?
Сол сезімді, сол әнімді
Есте сақтап жүрсің бе?
Өткінші өмір оның бәрі
Күрсінбе сен, күрсінбе.

Сен де мені сағындың ба
Шыныңды айтшы шырайлым?
Тағдырыңа бағындың ба
Бақытты боп мұңайдың.
Сені аңсаудан арылдым ба
мені қойшы, шыдаймын.
Бөленсе деп жаның нұрға
Бақытыңды сұраймын.


  [1]:

Қалқаман Сариннің өлеңіне жазылған әндерді бұл күнде қазақ эстрадасында “МұзАРТ”, “Меломен”, Мөлдір Әуелбекова және т.б. танымал әншілер шырқап жүр.
0 дауыс
Тек мені сүй

Тек мені сүй, мен деп соқсын тамырың,
Бір болмаймыз, Алланың ол әмірі!
Сені сүйген тоқтай қалса жүрегім,
Сол сезіммен нұрланады қабірім.

Ажалға айдап соғар бір күн сары мұң,
Сүйе берем, сағынышым, бәрібір!
Бұл өмірге мен сен үшін келмегем,
Бізге тағдыр қосылуды бермеген.

Аңыз етіп екеумізді, құдай-ау,
Өзіңді емес, берген мұңлы, шерлі өлең.
Ерте сіңіп кетсем-дағы жерге мен,
Суйе берем таусылғанша көрде дем!

Тек мені сүй, мен деп соқсын жүрегің,
Ессіз ғашық, мұңлықтардың бірі едім.
Десаулығым, несін сенен жасырам,
Тастап кетем саған сый ғып жыр елін.
Ал әзірге, көгершінім, білерім,
Сені өлең деп, сонымменен сүремін!
тәрбиелік мәнін көріп тұрғам жоқ...
Белгісіз
+1 дауыс
Мұқағали Мақатаев Ғашықпын
Ғашықпын  М. Мақатаев

Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,

Мен болмасам болмайын, сол аман ба?

О, тәңірім неткен жан қайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?

 

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.
бұғанда солай
Белгісіз
0 дауыс
Махаббаттың ақ құсының қанатымен.
Жаным саған алып-ұшып баратын ем.
Сезімнің жалынымен шарпып сені.
Қоштасуға қия алмай қалатын ең.

 



Жаным менің саған тым жақын екен!
(Мүмкін бұл махаббаттың басы ма екен?)
Тасытатын жүректі, жасытатын,
Сағыну бір өзіңді бақыт екен!
0 дауыс
Ғашық Жандарға!!!

1. Адамға ең бірінші өмір керек,
Содан соң көтеріңкі көңіл керек.
Анадан адам болып туылған соң,
Махаббат бір күн емес, мәңгі керек.

2. Өмірдің жарқын кезеңі
Жалындаған жастық шақ
Жас өмірдің өзегі аяулаған МАХАББАТ!

3. Махаббат өмірдің гүлі,
Махаббат жүректің үні.
Махаббат табиғат заңы,
Оны білмеген даланың аңы!

4. Бір көргеннен ғашық болдым мен саған,
Содан бері айлар өтті аңсаған.
Сенші маған, келші маған арманым,
Сенің бейнең артық маған басқадан!

5. Аңсаймын сені, іздеймін,
Елестетіп нұрлы жүзінді.
Аялап арман жанымды,
Үміттің жібін үзбедім.

6. Ғашығым, арманым, тірегім
Тек сен деп соғады жүрегім.
Бір тәулік уақыттың ішінде,
Тек сені ойлаумен өтемін.

7. Сүйгенді сүй.
Сүймегенге жалын ба.
Сүйем деген адамның
Көңілін қалдырма.
8. Армансыз адам бола ма?
Арманға көңіл тола ма?
Өзіңді сүйген адамды,
Сүймеуге тағы бола ма?

9. Өзің сүйген адамын
Өр көкірек болмасын
Шын дос болған адамың
Екі сөзді болмасын.

10. Сөз соңында тілерім
Таза болсын жүрегін
Лаулай берсін жас жүрек.
Осы менің тілегім!!!
...