+7 дауыс
2.7k көрілді
Сіз қызғаншақсыз ба, ҚЫЗҒАНШААААААҚсыз ба?)) Сүйіктіңізді қаншалықты қатты қызғанасыз? Жалпы қызғаныштың шегі бар ма (сіз үшін)?

19 жауап

+18 дауыс
 
Жақсы жауап

Сүйген адам қызғануы керек! Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз «Әйелін бөгде еркектерден қызғанбайтын еркек жәннәттің исін де сезбейді!» деп ескерткенін еске салған жөн. Тіпті «Мен қызғаншақ емеспін!» - деп мақтанатын еркектер, «Менің күйеуім қызғаншақ емес» - деп мақтанатын, «ар-намыс» деген ұғымды тек байлық немесе мәртебемен байланыстыратын, бір-бірінің жолдастарымен, тіпті олардың ұл-қыздарымен құшақтасып би билеп жүретін әйелдер мен еркектер айналаны арам шөптей қаптап кеткелі көп жылдардың жүзі болды. Оларда болашақ ұрпаққа нендей өнеге, нендей үлгі-насихат бар? Қазақтың басына да түскен СПИД, нашақорлық, жезөкшелік, зинадан бала туып тастап кету сияқты қоғамдық дерттеріміздің негізінде осындай, алғаш қарағанда еш зияны жоқ сияқты болып көрінетін, ұлттық менталитетімізге, мұсылмандық болмысымызға жат қылықтарды насихаттау жатыр емес пе?

Мен қызғаншақпын!

пікіріңізге көп рахмет!!!
+11 дауыс

қызғану да орынды болған жөн,,, боламшы нәрсеге қызғанатын адамнан жек көретінім жоқ.....

+15 дауыс
Қызғанамын. Шыбын жаным шырылдап кетеді ол дегенде. Оны, бөгде еркектерді былай қойғанда, күннен... ауадан... желден де қызғанамын! )))
Тамаша ,келісемін,таза шындық. Менімше бәрі де солай,тек айтқысы келмейді. Біреуді шын сүйген жанның ішінде қызғаныш деген иттің ұлып жататыны анық. Ол сенің
махаббатыңның қорғанышы,адами инстинк.
+11 дауыс

мен ҚЫЗҒАНШАААААААҚПЫН. Болашақ жарымды хиджаптағы қыздардан қызғанатынмын. ооой айтып жеткізу мүмкін емес. нерв боп жүретін едім өзіммен-өзімsmiley

+11 дауыс
Қызғану керек.....!
+11 дауыс
Қызғанамын, бірақ, білдіртпеуге тырысамын!
+10 дауыс
Қызғаншақпын . Сүйіктісін қызғанбайтын еркек , еркек емес
+11 дауыс
Кызганшак емеспін деп айта алмаймын, бірак сал нарсеге кызгана бермеймін, оте сирек кызганамын десемде болады, сал нарсеге кызгану, ол урысысуга акеледі, сондыктан коп кызганбауга тырысыныз
+13 дауыс

сүйген жігітімді қызғанбасам несіне онымен махаббат құруым керек? қызғанам негізі өзім әр нәрсені қызғанып жүрем! ҚЫЗҒАНШААААsurpriseААААААААҚпын-ау сол wink

+13 дауыс
Ішің өртеніп кетеді,бірақ елсіз аралда екеуің ғана  тұрмайсың,сондықтан қызғанбаған адамдай,қызғанып тұрған адамыңа да жымиып қоясың да,сыр бермей сіресіп жүресің.
+11 дауыс
негизи психология тургыдан караганда, ботен айелдердин дарежесин,сулулыгын  озинен жогары коретин айелдер куйеуын сондай айелдерден катты кызганады дейды. Бирак, барлык айелдер оз куйеуын кызганады. Мен де катттыыыыыыыыы кызганамын, бирак кей кезде билдиртпейм. ал кейде ози билип калады кызганып калганымды=)
+8 дауыс
ҚЫЗҒАНЫШ-МАХАББАТТЫҢ КУЗЕТШІСІҒОЙ.ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ШЕГІ ЖОҚ ШЫҒАР
+7 дауыс
Ия. Өте қатты   қызғаншақпын. Мен үшін қызғанудың шегі жоқ. Қазір тіпті қызғануды айып көретін заман болды ғой.
0 дауыс
Қызғанышсыз махаббат болмайды!
+1 дауыс
Қызғаныш деген жаман нәрсе.Өз басым жарымның қызғанышынан шаршап кеттім.Өмірімнің мәні мен сәні кетті.Әрбір нарсеге қызгану деген сумдык кой.Тіпті жумыска барудан коркатын болдым
Шынымды айтсам, мен бұл сұрақты осы қызғаныштан шаршағаннан қойып едім...) жауабыңызға рахмет!
...