+1 дауыс
719 көрілді
Маған көшеде кетіп бара жатқан бақытты жұптардың бір-бірін қалай тапқаны , солардың оқиғалары қызықтырады? Айтып беріңізші егер тапсаңыз?

11 жауап

+5 дауыс
ВК арқылы, бір группада коммент жазған қыз ұнап қалды, номерін алдым, звондап, ертесіне кездесіп, қазір 4 айға жақындады. Ең ұзақ кездескенім 3 ай еді, рекордым жаңартылды)) Жұрттар сияқты романтично таныспадық)) Бұйырғаны болар, енді осы қызбен тұрақтап, үйленіп тынсам ба деп қоям))
Күшті, күшті . Бақыттарың ұзағынан болсын.
+3 дауыс
Мади жақта көктем болып жатыр ғой! Бiр жағымсыз оқиға болған. Жолдас балам қыз алып қашып келейiк дедi, оған айттым,
- Ертең тағым арыз жазып, алып кетiп қалмасын дедiм, сосын ол,
- Ой бәрi келiсiмдi дедi, ну жарайд алып келейiк деп шықтық. Төрт баламыз, күйеу бала ол қызбен сөйлесiп тұрғанда машинаға салып алып кететiн болдық, солайда болды. Жолда келе жатырмыз, мен алдында отырмын, күйеу бала машинаны жүргiзуде, қалған екi бала қыздың екi қолын ұстаумен әлек, бiр уақытта қыз шыңғырды, айбалаң салып сиденияны теуiп жатыр. Қызды тыныштырайын деп арқаға қарағаным сол едi, каблогымен мұрнымды бiрақ тептi, көзден отта шықты басқасыда шықты. Сөйтсем ол қызды сыртынан ғана жақсы көрiп жүрген екен, ешқандай келiсiм болмаған. Болар iс болды деп, үйге алып келдiк, ертесiне беташар, хабаршылар кеткен, адамдар апыр-топыр дайындалып жүр. Балдар болып сыртта шәй iшiп отырғанбыз кешегi қызық болған жағдайды бiр-бiрiмiзге айтып, бiр уақытта дарбаза жақтан жарқын-жарқын дауыстар шықты, қарасақ қыздың әке-шешесi, үш ағасы, әпкесi, қызымызды алып кетемiз дейдi ғой, хай-фай болып ақыры алып кетiп, арызын жазып кеттi. Көңiл күй быт-шыт, бәрi жым жырт, ендi сөзбен жеткiзу қиын. 355-мың теңгеге түстi, оны қойш балдар болып жинап бердiк. Ең жаманы балаға обал болды, қыздан қатты көңiлi қалған қәзiр...
Жігітке қиын болыпты шынымен. Өзі де дұрыс жасамапты шала ойланып.
–1 дауыс
Әлі кезіктірген жоқпын
))) неге сонша көп минус қойылған?
Мен қалай таптыңыз деп сұрақ қойып отырм, ал бұл болса көңіл күйді түсіріп кезіктірген жоқпын десе минус қоймағанда қайтеді?
қалқам шындықты айтып тұрмын ғой
қарағым шындықты айтып тұрмын ғой
+1 дауыс
Бір қыздармен жүрдім, интернеттің қосылмай қалуына байланысты 4-5 күн кірмеп едім, интернет қосылғаннан кейін сөйлессем, басқамен жүріп жатыр екен.
ха ха ха интернетпен сөйлескенше телефонмен сөйлеспеймісің ))))
Халдаш.Өзім білемінғо братишка.
братаныңмын а так.
0 дауыс
Жартым деп ойлағандарым басқалардың жартысы екен, менің жартым басқа біреудің жартысымын деп ойлап жүрген шығар :)
–2 дауыс
Әлі таппадым,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
0 дауыс
таптымгой,бырак мангылыкке жогалттым,оны ешкашан кормейтын шыгармын,баска калага кетыып калган.Содан беры одан адемы, одан артык адамды таппадым.
табасың)
тапсам қуанамынғойғ,айтқаның келсін.
+1 дауыс
Агентке рахмет))) Таныстырған да,табыстырған да,қоштастырған да.Ризамын)))
+1 дауыс
Айкерiм........
(оқырмандарға айтарым бұл LOVESTORY емес, өмірімдегі жарқын сәтті жаздым)
Ең бірінші сені көргенімде,  сенің бейнеңді емес, сенің
қарапайымдылық, турашылдық, жан- жақтылық сияқты қасиеттеріңді байқадым. Күннен-күнге сенің осы қасиеттеріңде көре - жібідім, қуанышты жағдайда күлгеніңе - жүрегіңе іліндім.. Содан соң жүректің қалауымен ғашық болдым.. Ғашық болдым! Көкірегімнің түбінде жатқан жүректің қалауы, басқалар емес, сен болатынсын.. Өйткені сен басқаларға ұқсамайсын! Мен сол уақытта-ақ байқағанмын!
Кезінде өшіп қалған  шабытымның, қайта өз алауын жақтырдың. Күн сайын сені ойлап, түн сайын сен туралы жыр жазамын. Мына 5 күндік өмірде мені жақсы түсінетін ата-анамнан кейін, 2ші жансың. Сен мені білесің қандай екенімді, мен сені білемін! Мен сені көремін, сеземін, сүйемін!
Айкерім) Айым) Жарығым) Осы  үш есім, мәңгілік жүрегімде тас кенедей жабысып қала бермек. Мәңгілік! Саған қамқор болғым келеді!! Әр адамның жанды жері (cлабый) боладыгой, сол жанды жерім сенсің! Сенің мұңайғаның, жылағаның жүрегіме қатты тиеді! Мейлі адамдар екеуміз туралы не десе де, олардың пікірлері аяқ-астымда таптала беретін болады.
Сені көрсем уайымымды, қиындығымды ұмыт калдырамын! Сондай ғажап жансын ғой! Сен менің алдымда не жасағың келетініңді, талпынысыңды, тағы басқа істеріңді көремін! Білемін!
Осынау миллиондаған тіршілік иелерінің арасында өзін жапан түзде жалғыз жүргендей сізінетін, жабырқаған көңілім сенің көздеріңнен нұр тамшылап тұратынын сезіп қана, алға аяқ басатынын білемін. Сен менің өмірімдегі қайталанбас жарығымсың, күнімдегі күнімсің, түнімдегі айымсың!
Мен саған уйленіп, ұл-қызыма өнегелі әке, саған қамқор болар жақсы жар болғым келеді! бұл тілерім! Аллах қабыл етсын! Амин! Мен үшін алтын қазына байлықтың саны емес, жанұямның, тума - туыстармның, әке-шешемнің амандығы болып қала береді!
Айкерім? екеуміздің өткен күдеріміз, өмірімдегі жарқын сәттер болып кала береді! Сен де ұмытпа! Ұмытпа! Өйкені мұның барлығына, күллі әлемді жаратқан, мейірімі шексіз АЛЛАХ куә!!
Қазіргі күйімде біртекті бақыттымын, неге десең, әдемі мүсінді көздеріңмен жүректен шыққан сөздерімді оқудасың, ЖАРЫҒЫМ. МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН!
+1 дауыс
Қазіргі кезде тугелі дерлік интернет арқылы танысып, сезімдері жарасып жатады. Бірақ, біз өзіміз ерекше жандар болғандықтан болар, ерекше оқиғаның нәтижесінде таныстық. Қазірдің өзінде интернет арқылы хабарласуымыз аз. Бетпе-бет, шынайы түрде сөйлесеміз.

 

Ерекше оқиғаның болуына септігін тигізген  құрбыларым, достарым. Қазір есіме алсам күліп аламын. Кім ойлаған деген сөз қайта-қайта ойыма оралады.

Ашық жазғым келмеді, себебі, ерекше жандарға көз тез тиеді.
+1 дауыс
Осы сайт арқылы таптым. Рахмет СЖ !
...