Адам өзінің жалқаулығын, ерік-күшінің әлсіздігін бүркемелеу үшін түрлі сылтаулар іздеп, өзін-өзі алдайды. Өзін-өзі алдағанда адам бір сәтке көңілі орныққандай сезімде болады. Алайда өзіне көңілі толу адамға ешқандай жақсылық әкелмейді. Сондықтан өз ар-ұятыңның алдында адал болуың керек. Сол үшін өз еркіңді жетілдіріп, намысың мен ар-ұжданыңды барлығынан жоғары қоя білу маңызды.
Ерте замандардан бері қазақ халқы ер адамдарды уәдеге берік болуын талап еткен. Ант беріп , серт қабылдап артынан сол уәделерін орындамай ар-намысы жерге тапталғандар бар. Қазіргі кейбір азаматтардың намысы жоқ. Бұл шындық. Көптеген азаматтар өздерінің азаматтық борышын орындамайды. Оларға Отаннан гөрі , алтын мен ақша қымбат. Олар өз өмір тектен-текке жұмсайды. Жеңіл табысқа жетем деп , ақыры өз өмірлерінен айырылғандар бар. Қазірден бастап ойымызды түзеп, пейіліміз бен ниетімізді жақсартсақ біздің өміріміз мәнді болмақ. Ақиқатын айтып , өтірікті айтпай ұятымызды сақтасақ , бұл біз үшін мәңгі сарқылмас абырой болмақ. Артық сөз айтпай , қысқа да нұсқа жауап беріп , ер жігіттігімізді көрсетсек , Абай атамыз айтқан мақтаншақ, өтірік , өсек , еріншек, мал шашудан аулақ болсақ, біз нағыз жігітпіз. Екі сөйлеу ерге сын.