+5 дауыс
2.3k көрілді
Әдептілік жайлы бұрын   көп естімеген мақал-мәтел болса....... жазып жіберулерінізді өтінемін! Алдын ала рахмет!!!

4 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Бала тәрбиесі бесіктен.

Тәрбие тiлден басталады.

Әдепті бала — арлы бала,
 Әдепсіз бала — сорлы бала.

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Итті күшігінде үйрет.

Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
 Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

Адам әдебімен көрікті.

Әдеп басы – тіл.

Әдепті дегенше, әдемі десейші.

Әйел – әдептің әліппесі.

Тәрбие басы – тал бесік.

Ата көрген оқ жонар,
 Ана көрген тон пiшер.

Жaқсының жаттығы жоқ.
+8 дауыс
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Адам әдебімен көрікті.
Әдепті бала - ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Әйел - әдептің әліппесі.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
Әдеп басы - тіл.
+9 дауыс
- Әдептілік - тәрбие бастауы .
- Әйел  - әдептің әліппесі .
- «Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
- «Сіз» деген әдеп,
- «Біз» деген көмек.
- Әдептіге елікте .
- Әдеп басы - тіл .
- Сыйластық пен ізгілік - әдеп емей немене ?!
+3 дауыс
Әдептілік, ар-ұят -  адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез тағы жат - надандықтың белгісі.

(өзіме қатты ұнайды)
...