+4 дауыс
150k көрілді
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің пікірім бойынша, Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни, жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер. Менің пікірім осындай)
Көп рахмет сізге!
Оқасы жоқ) Мен жай ғана өз пікірімді жаздым.
0 дауыс
Абайдың Еңбек жайлы айтылған қара сөзінің мағынасын ашып шығарма ретінде жазып беретін кім бар
0 дауыс
Он тоғызыншы қара сөз.
0 дауыс
АБАЙДЫН КАРА создери керек маган
0 дауыс
Абайдың бұл қар сөзінде адамның миы бірден жетілмейді тек адам өзі талпатанса оқыса білім алса ғана жақсы болды сол адамды қазіргі заманның адамы деседе болды.Ақ сақалды силаңдар ақ сақалда иман бар диді қазақ мақаласында сондықтан үлкенің сөзін тындаған абзалырақ болады сондаға ғана есті боласың деп айтысы шығар.Егер халықта ауыз біршілік болмаса ол халыққххалыққа айт не айтпа не

Ұқсас сұрақтар

...