+2 дауыс
3.5k көрілді
<p>
    <span style="color: rgb(178, 34, 34);"><span style="font-size: 14px;">Біздің ауылдың аты - Мұқыр. Шынымды айтсам, ауылдың аты туралы еш мәлімет жоқ. Ақсақалдардан сұрап көрдім. Білмеді. "Мұқыр" деген сөздің мағынасын білгім келеді. Негізі, Қазақстанда осылай аталатын екі-үш мекен бар ғой.</span></span></p>

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Шангиннің жазбасында “Огром­ные кур­ганы захо­ро­не­ние мыков” де­ген тіркес кез­деседі. “Мық” ұғымының алғаш хатқа түсуі осы болса керек. Бұл айқындауыш сөзді Марғұлан ғана өз еңбек­те­рінде қолданған. Басқа тарих­шы­лар оны шала тү­сінген­діктен аттап өтумен ке­леді. Демек, “мық” сөзін Шан­­гин аспан­нан алған жоқ, төбе-төбе ай­ла­пат зираттарды халық “мық” жұр­тының жәді­герліктері деп есептеп, өлкенің есте жоқ ескі тарихына меңзеп отыр. “Мық­тар” деген ерте уақытта болған қауым­дар.  Қазақ топы­рағында “мық”, “мұқыр” жер-су аттарын қалдырып, мәңгілікке жоғалған мықтар немесе мүкрилер тайпасы деседі. (Мықтар (Мукрилер)-солтүстік маньчжуриядағы чжурчжэндердің атасы) 

0 дауыс
Әдебиеттен білетініміздей біреуі Абай атамыз болыс болған ауылда Мұқыр деп аталады.
0 дауыс
Талдықорған қаласына жақын орналасқан Мұқыры ауылын көнекөз  қариялар қалмақтың  Мұқыр деген батырының атымен аталған десетін. Мысалы; Ақсу ауҚапал ауылы да қалмақтың Қопал деген батырының атымен аталғандығы тарихтан белгілі.
...