Күлкі адам өмірін ұзартады дегенге сенесізбе? Күніне неше рет күлесіз?

+6 дауыс
4.1k қаралым
Күлкі адам өмірін ұзартады дегенге сенесізбе? Күніне неше рет күлесіз?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 4.1k қаралым

26 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
АБАЙ атамыздың IV-ші қара сөзі:

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.

Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!

Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де - бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі - өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.

 Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұл дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.
+5 дауыс
Сенбеймiн.Күніне қанша күлетінімді есептемеймін.Жон-жоқ күлмеймін,Тек біреу күлкілі әзілдер айтса шекслем қатып күлемін.
сонда күніне бірақ рет күлесің ба сонда
+6 дауыс
[Күлкі - адам өмірін ұзарта ма ?][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/55440/

Күніне .....Санап жүргенім жоқ....бірақ, тәуліктің 3/1 езуімнен күлкі байқай аласыздар...Қалған жағдайда салмақтылық таныту дұрыс-ақ.... =)
+5 дауыс
Кулкі адам өмірін ұзартады деген рас. бірақ нақты қанша жыл екенін білмедім..
Бір қызық информация...  
Америка байырғы халқы, индустар ма, жабайылар...  Түнде ұйқтап жатқанда бір-бірін оятып,  дөнгеленіп отырып, анегдоттар айтып бәрі күледі екен. Сондай традиция.. Сосын олардың дружбасы бәрі бір трубадан темекі шегіп шығады. Айнала..

Ал уәдесінде тұрмау,яғни біреуді күттіріп қою, уақытында келмей, сол күтіп тұрған жанның өмірін 15 мин ка қысқартады екен. Әр күткен сайын)))
+7 дауыс
Мен мынаны естіп едім, темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартат, ал күлкі адамның өмірін 15 минутқа ұзартат, темекі шешетіндер болса, темекі шегіп болғасын 1 күліп алыңдар, сонда зияны болмайды темекінің, НЫСАНАДАН естідім!!!
қызық екен))))))
+4 дауыс
Рас сөз ғой. Тұйық болып жүргеннен көңілді болып жүрген артық. Өзің мәз болып жүресің бір, айналаңды да қуанышқа бөлейсің екі, өмірің ұзарады үш. Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат деген Абайдың өлеңін оқы, сонда түсінесің.
Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,
Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,
Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс.
+6 дауыс
Сенемін, себебі күлкі адамның өлген клеткаларын тірілтеді. Күніне неше рет күлетінімді санамаймын әртүрлі
+5 дауыс
Күлкі адам өмірін ұзартады деген нақты дәлелденбеген тұжырымдама болса да, соған сенгім келеді. Негізінде көп жүрген адам көп өмір сүреді деп те жатады. Дегенмен, адамның қанша уақыт өмір сүретінін, өмірінің қай сәтінде О дүниелік болатынын бір Аллаһ қана біледі. Өз басым өмірде жиі күлемін деп айта аламын. Мен үшін күлу - айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлау. Күнімнің көп бөлігін күлкімен өткіземін деп айта алады. Бірақ орынсыз күлмеуге тырысамын.
+5 дауыс
Тағдыр екіге бөлінеді өзгертілмейтін ,өзгеретін болып өзгертілмейтіні Аллаһ тағала ана құрсағына біткен сәбиге  
4 ай 10 күнде жан береді ол ұл немесе қыз болуы,бай немесе кедей,бақытты бақытсыз ажалы белгіленеді ажал бір минут кеште ертеде келмейді,күлкі өмірді ұзартады дегенге сенбеймін күлкі орынды шынайы қалжыңмен болса жақсы беталды күле берсең әдепсіздік,Пайғамбарымыздан с.ә.у мынадай хадис бар күлкі иманды әлсіретеді.
+4 дауыс
күніне шамамен 20 рет күлетін шағармын деймін
+2 дауыс
Негізінде, мен бұған сенбеймін. Солай да болатын шығар. Бірақ, бостан-бос, бекерден-бекер күлуге болмайды ғой... Күніне қанша рет күлетінімді кім білсін... Ұйқы, күлкі, тамақ - үш арсыздар. Сондықтан күлудің де өз жөні бар.
Әрине күлген дұрыс,бірақ күлкінің күлетін орны бар бірақ адам өиірін ұзартады дегенге онша сенбеймін қайдан блейңн мүмкін солай да шығар...
+1 дауыс
жок мен оган сен бейммін
+1 дауыс
Орынымен болса күлгенге не жетсін,бірақ қазақта"Көп күлген ... соры"- деген бар.
+1 дауыс
Күлкінің де түрі көп қой.Жақсы күлкі болады, жаман күлкі де болады.
+1 дауыс
Мен мектепте жүргенде үнемі күліп қуанып жүремін жанымдағы жолдастарымда әзілкештер жөн-жосқсыз күле бермеймін орынды жерінде күлемін........
+1 дауыс
мен "а" десе де күлемін, "б"-десе де күлемін )))))))))))))))))))
+1 дауыс
Ретімен кулмін.
0 дауыс
мен ар сагатта бир кулип аламын дей аламын. озим калжындаганды жаксы корем сондыктан жанымдагы журген адамнын да озимнин де езуимнен кулки кетпейди, жалгыз журген кездеримде кызыкты жайттарды есиме алып жиі жимиып журемин. бирак бир окиништиси казирги балалар калжынды тусине бермейтини, ерте есеигеннин белгиси болар оздерин тым серезьный устайтыны неси екен
0 дауыс
Бұл астарлы сөз болса керек. Мағынасы көңілді жүруге тиіс,  уайымның түбі тұңғиық секілді. Ал өз басым үнемі күліп жүруге тырысамын
0 дауыс
Ұзартатын болса менің сыныбымдағылар 1000-ға дейін жасайтын, күнде әзіл, күнде прикол барлығы өлтіріп қойып күледі, негізі қызық.
0 дауыс
Ұзарта ма , қысқарта ма ол әр адамға байланысты. Егер, күле берсе - ол адамның бетін әжім басып кетеді ғой. Ал егер де   сол әжімдерге қарсы бетке массаж жасап, арнайы күтім жасап, кремдер (әрине, қымбат кремдер) жағып жүрсе, онда күлкі адам өмірін ұзартады дегенге толық келісемін!
0 дауыс
Менин ойымша, адам конилди болуы керек! Ардайым жаркырап УЛЫБАТЬСЯ ету керек! Но, ардайым езуи жиылмай куле берудын де минустары бар!
0 дауыс
Менин ойымша, адам конилди болуы керек! Ардайым жаркырап УЛЫБАТЬСЯ ету керек! Но, ардайым езуи жиылмай куле берудын де минустары бар!керек жерде гана кулу керек деп есептеймин!:P
0 дауыс
Ол қандай күлкі.   Егер біреуді мазақ қылып, келемештеп соған күлсе,   немесе біреуге қолайсыз жағдай болғанда жаман ниетпен  мысқыл күлсе      ондай адамның өмірін егер маған солай жасаса     өзім ақ қысқартуға тырысып бағар едім ))) ойнап айтам.     Күлкі өмір ұзартады дегенде.    Адам жиі күлсе яғни ол жақсы эмоцияларды жиі сезінеді.  Яғни ол тікелей адамның бақытты сезінуін арттыра түседі.  Егер адам бақытты сезінсе жүрегі мен жүйкесі қалыпты жұмыс жасайды. Ол өмірін ұзартады десекте)) Бір Аллахтың  еншісінде ғо  қанша ғұмыр кешетініміз.
0 дауыс
Менің апайыммен бірге жүрсем ғана күлкім келе береді келе береді )))
0 дауыс
адам күлгенде жүрек жұмысы жақсарады. содан шығар.

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,171 пікір
72,927 қолданушы