+10 дауыс
1.0k көрілді
Оқуға талпынған қарындасыма армандаған мамандығына түсу ушiн үмiт бар ма?Соған қатысты ақылдарынызды айта кетсеңiздер? Қандай оқуға түсуiне мүмкiндiгi бар?
Менiң бiр алыс ағайын қарындасым бар. Олар жакында бiзге көшiп келдi. Өздерiнiң тұрмыс жағдайы нашар, пәтер жалдап тұрады. Әкелерi жоқ екен. Өзi қазiр 9 сыныпты оқып жатыр.9 ды немесе 11 бiтiрерiн бiлмей жур. Бұрын сабағын тугел беске окыған. Қазiргi сабақ үлгерiмi 4 пен 5 ке оқиды. Онын жалғыз анасы ғана базарда саудамен айналысады. Үйiне кiрер табыс көзi жоктың қасы. Ол қарындасым болашақта мамандык иесi болғысы келедi, қарындасым осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқу орнына түсе алмайтын шығармын деп кунде уайымдайтын көрiнедi... Болашақта қазақ тiлi әдебиетi пәнi муғалiмi немесе тiгiншi болуды армандайды. Бiрақ тұрмыс жағдайы, ақша маселесiне байланысты қалайда бiр мамандык иесi болғысы келедi.
Сiздерден сұрайтыным оқуға талпынған бұл қызға армандаған мамандығына тусу ушiн үмiт барма? Не iстеуi керек? Соған қатысты ақылдарынызды айта кетсенiздер?
Кандай оқуға тусуiне мүмкiндiгi бар?
Қарындасымның болашағына алаңдаймын, сәлде болса көмегiм тисе екен деген ниетпен көмек сұрап отырған жайым бар.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
9 ға дейін жақсы оқыса, ол қыздың базасы бар. Ентіні алып шығады деп 100пайыз сенем. 11 бітіріп,грантты жеңіп алсын. Ент деген лафағой. Қазір соткаларда неше түрлі програмкалар бар,соларды жазып беріңіз. я болмаса, 4 пәнге 4 мұғалім жалдаңыз, Достықтын мұғалімдерінің басы қатты істейді,кілең жастар,бұрын өздері ент тапсырған. Тек ЕНТға оқушылар  дайындаумен айналысады.  Соларды жалдаңыз,әрі кетсе 1 сүраққа 1500-2000 алар. Бірақ 4 жыл 300-350 мың төлегеннен жақсығой. Иншалла құдай оңдап, грантқа түскесін, өзінің тұрмысының нашарлығын жаза кетсін, документ тапсырғанда. толықтай жетім,жартылай жетім,мүгедек, алтын белгі дегендерге жеңілдіктер бар... мысалы мен өзм орыс тілінсіз 79 баллмен түстім.. .  Бір газет бар сосын бүкіл Қазақстан бойынша гранттар утқан тізімдер жазылған сол газеттен қараңыз,қазақ әдебиетімен қанша балмен түскенін средний. Егемен Қазақстан ау дим газет..
+5 дауыс
Менің 3 туысқан ағам қытайда оқып келген, ол жақта 3-еуі де 6 ай оқып таза мамандық иесі болып келді. Олардың айтуынша, ол жақта қалаған мамандығыңды оқисың, әрі бағасы да, төлемі де арзан дейді бірақ қытайға баратын қаражат болса болды, таза мамандық иесі болып келеді дейді. Бұл жақта универлерде жылына 150-200-300 мың төлейді, ал ол жақта 6 айға 100-150 төлеп, қайта таза мамандық алып келеді. Егер қаражаттан көмектесетін болсаң Қытайға оқуға түсуіне болады
+4 дауыс
Өзіңіздің жергілікті жердегі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" (Отдел занятости и социальных программ) бөліміне сөйлессеңіз, ондай балаларға тегін немесе жеңілдікпен оқуға жіберетін мүмкіндіктері қарастырылған, қазір тегін үш жылдық колледж, немесе жоғарғы оқу орнына (бірақ ол аз, алу қиындау) орындар бар.
+4 дауыс
11 сыныпты оқып, ҰБТ ны барынша жақсы тапсырып шықсын. Сенде қолыңнан келгенше қаржы жағынан аянба. Оқуға түсерде мемлекеттен жағдайыны байланысты жеңілдіктер қарастырылады. Әкесінің жоқ екенін оқуға тапсырғанда ескертсін. Жалпы конкурспен түспеседе, жеңілдіктермен оқуға түсуге мүмкіндігі көп. Білімділерді мемлекет далаға қалдырмайды.
+3 дауыс
9сынып оқушысы болса, қызыл атестатқа ұсынылған ба?Әлде 9сыныпта 4барма?
Болмаса 10-11сыныптарды түгел 5ке оқысын, қызыл дипломмен бітіреді.Егер өз біліміне нық сенімді болса ҰБТға жатпай, тұрмай дайындалсын.Және ҰБТ дан жоғарғы бал алған жағдайда, әкімшілік грантына үміткер болуға болады.Ол үшін әкімшілікке барып, жағдайыңызды айтасыз.Және жетім немесе жарты жетімдерге де қарастырылатын мүмкіндіктер зор.Егер басында білімі болса, бір жерге түсіп кетер.Бақ шабама, бап шаба ма?
 ЖОО түсіп, оның үстіне грантқа түсіп кетуі де ғажап емес.
0 дауыс

Турцияда окуына болады. Ол мемлекетте фондтар коп, мен сол елде фондардын акша толеумен окып жатырмын. Немесе казакстанда мешиттерге барып имамга айтып кор, ол бай жомарт биреуди табар балким, айтып корер, мен бай болсам комектесер едим, али студентпин.frown

...