+6 дауыс
628 көрілді
Мен 9-шы сынып оқушысымын, осы кезге дейін 11 ге қалам деп ойлап келдім бірақ ҰБТ-ның қиындығы көп секілді, тіпті кешегі маб-та да біраз қиналдым өз күшімнің қанша екенін сезгендей болдым, ал 2-ші сұрағым бюджетке түсуге мүмкіншілігім бар ма? оқу үлгерімім орташа тоқсандыққа 3 түсіріп көрген емеспін, түскім келетін жерім ақтаудағы педколлежге программистке. өз ойларыңызды жазып көмектессеңіздер!!!

4 жауап

+5 дауыс
1) жақсы оқысаң 11 бітір,нашар оқысаң 9 бітір, менің қатарымнан тек жақсы оқитындар ғана грантқа өтті. нашар оқып,ентдан жақсы балл алуың екіталай. Көп болса 10-15 балл наугат аларсың, көбіне өз деңгейінде алып шығып жатады. Тіпті жақсы оқитындар төмен алып жатады.

2) Енттан аз балл алып,гарнтқа түсуің ол өзіңнің 4 вуз таңдап жазғаныңа қарай. Көбі атағы шыққан вузды таңдап желігеді. соның арасында грантары бар,мемлекетттік бірақ престижі шамалы вуздар көрінбей қалады.
Яғни болады грантқа түсуге.

3) Саған қайсысы маңызды: грант па?? Алде мамандықпа???

мысалы кезінде мен үшін грант маңызды болды, өйткені апам вузда, інім колледжде оқып жатты. Мені де ақылай оқыту уйде жалғыз ғана табыс табатын папама ауыр тиетінді. Сондықтан маған қандай мамандық болса да бәрібір болды, каз химияда грантта оқып жатырм, степендия деген рахат
8)  өз ақшама ноутбук сатып алдым, сотка алдым, права өз ақшама оқып алдым,тағыда бірнеше курстарды жайлап оқып алып жатырм.   өзім толық аяқтанып кеттім деп айта алмайм, проезд, тамақ,киім мама пападанғой. Бірақ кыдыруым, жаңағыдай ірілі-ұсақты пландарымды өзм орындаудамын.
+2 дауыс
9 ды бітіргенің жөн......
+2 дауыс
Өзім 9-дан кейін кетіп қалуды жөн көрдім. Себебі, тезірек программист болғым келді. Диплом маңызды емес, бастысы - ақпараттық жүйелерді тездетіп үйреніп алу болды. Бірақ, 9-дан кеткеннің өзінде, кейбірлері айтуы мүмкін білім жаман болады деп. Оны жақсы қылдыруға да болады. Мәселен, жақсы программисттермен араласып, универдегі профессорларға төлеп қысқа уақытта базалық бағыт алып өзің әрі қарай сүйреп кетуге ешкім кедергі емес. Себебі, оқу орны - тек бағыт беруші және базалық түсінік беруші орын ғана. Қалғаны тікелей өзіңе байланысты. Бірақ, айналамдағы осындай сұрақ қойғандарға 11-ді бітіргенің дұрыс дер едім.
0 дауыс
11 бітіргенің жөн. Жақсы жерде оқып, жұмыс істеуіңе көмектеседі. Грантқа бітірсең тіпті жақсы.
егер де ұбтдан төмен балл алып калсам онда жағдайым қиын боп кетпей ме?
...