0 дауыс
1.8k көрілді
осы филмьде апатқа ұшырайтын кеме шын титаникке ұқсайма? Және оны кино үшін арнайы жасағанба?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
<a href="http://image.kz/ve48bfa0ec165da2cf27356489358306d"><img src=" title="" alt="" /></a>
Өткен ғасырдың басында орын алған аса ірі апаттың бірі, «Титаник» жолаушылар кемесінің суға батқанына биыл 99 жыл толады. Алайда «Титаник» трагедиясы әлі де жұмбақ қалпында. Әрине, «суға батпайтын» алып кеменің алғашқы сапарда-ақ құрдымға кеткені жөнінде небір болжамдар айтылды. Бірақ әлі күнге нақты дәйек жоқ. «Титаниктің» апаты қаншама кі­тапқа, көркем және деректі фильмге арқау болды. Біреу­лер алып кемені көркемдеп кино етіп шығарып, қырғын пайда көрді, миллиардтаған долларды қалтасына басты.

Жалпы, өз кезеңінде әлемді дүрліктірген «Титаник» трагедиясы жөнінде әлі де талай аңыздар, апатқа байланысты болжам, топшылаулар айтыла бермек. Соның бірі былайша өрбиді... Алды­мен, «Титаник» кемесі жөнінде қысқаша мағлұмат бере кетелік. «Титаник» расында алып кеме еді. Оның ұзындығы - 268,98 метр, ені - 28,2 метр. Төрт трубасы бар. Биіктігі 11 қабатты үймен тең, ұзындығы қаланың төрт кварталы болатындай еді. Елу мың аттың күші бар кеме сағатына 25 узел жылдамдықпен жүру мүмкіндігіне ие болатын. Лайнерде 762 каюта орналасқан. Сондай-ақ кеменің екі қабатты қорғанысы, 19 су өткізбейтін құдығы болды. Осының өзі-ақ алып кеменің «суға батпайтындығына» дәлелі еді. Бірақ...
 Алып кеме алғашқы сапарда-ақ - сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Атлант мұхитының солтүстік аймағында айсбергке соғылып, апатқа ұшырады. Борттағы 2224 адамның 711 құтқарылып, қалған 1513 адам суға кетті. Бұл әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Енді осыған байланысты аңыздарға келейік...
 Аңыз көп. Дені ойдан шығарылған, шындыққа жанаспайтындары да жеткілікті. Бірақ кезінде көпшілік ескермеген дерек-дәйектерде соңғы кезде айтыла бастады. Бұл соның бірі. «Титаник» трагедиясынан көп бұрын Нью-Йорктегі «Арчибальд Уэлш и К°» баспасынан Морган Роберсон деген теңіз капитанының суға батқан кеме жөніндегі фантастикалық кітабы жарық көрді. Дәл сол кезде оған ешкім көп мән бере қоймады. Бірақ «Титаник» апатынан кейін ол кітап қолдан-қолға тимей оқылатын бестлерге айналып жүре берді. Баспа кітапты оқырмандардың сұрауы бойынша қайта-қайта басты. Баспагер мол қаржы тапты. Белгісіз капитанның сүйкей салған шатпағында не құпия бар еді? Қызығы кітаптағы суға батқан кеме «Титан» деп аталыпты. Тіпті барлық техникалық анықтамалары «Титаникпен» тең болған. Лайнердің ұзындығы, жолаушылардың, құртқаруға арналған қайықтардың саны, сондай-ақ өзге де құрал-жабдықтар дегендей.
 Кітаптағы «Титанда» айсберге соғылған. Бар керемет осында жатыр. Оқырман қауым кітаптағы оқиға көп жылдан соң, әлемдегі алып кемеде дәл сол қалпы қайталанғанына таңғалған. Екі оқиғаны байланыстырып тұрған әлде бір тылсым күштің бар екеніне көз жеткізген. Бұл - жеке әңгіме.
 Жалпы, «Титаниктің» жарнамасы ХХ ғасырдың басындағы елді дүрліктірген керемет болды деуге негіз бар. Сол кездегі Батыстың барлық жетекші басылымдары ғажайып кеме жөнінде жарыса жазды, кеңінен жарнамалады. Кеме иесі жарнама үшін ақшаны аямады, суша шашты деуге болды. «ХХ ғасырдың ғажайып лайнері, керемет әспеттелген - 762 каютасы бар. Кемеге 44 тонна мал мен құс еті, 35 мың жұмыртқа, 40 тонна картоп, 27 мың шөлмек сыра, қымбат шараптар, 5 мың тонна қант, өзге де көптеген азық-түлік сиятын. Не ішем, не жеймін десең де еркіңде. Сондай-ақ кемемен 10 ірі миллионнер сапарға шығады. Олар сейфтерге салып жүздеген миллион доллар, қымбат заттар, алтындар ала шықпақ. ХХ ғасырдың суға батпайтын ғажайып, жұмақ кемесімен сапар шегуге асығыңыздар» деген секілді жарнамалар газет беттерін алып кетті. Расында, мұндай жарнаманы оқыған кісі « Титаникпен» сапар шегуге асықты. Шын мәнінде ажалына...
 Сонымен... 1912 жылы 10 сәуір күні түс кезінде «Титаник» жолға шықты. Кемеде 2224 адам бар еді. Сапардың төртінші күні кеме радистері жол-жөнекей өтіп бара жатқан өзге кемелерден «жақын маңда айсбергтер бар, сақ болыңыздар» деген белгі алған. Бұл кезде «Титаник» Ньюфаундленд аралынан 450 миль жерде еді. Айсбергтер жөніндегі хабар кеме капитаны Эдвард Джон Смитке жеткізілді. Алайда ол оған аса мән бермеді. Тек кеменің алдында орналасқан жолға қараушыларға «сақ болыңдар» деп жай ғана ескерту жасады. Алайда оқиға басқаша өрбіді. Кеме айсбергке соғылды. Қаншама адам опат болды. Дәл осы тұста бірнеше түсініксіз жағдайды ескермесе болмайды.
 Біріншісі, сондай алып лайнердің алдына жарық түсіріп отыратын мықты шамдардың болмауы.
 Екіншісі, жол қарап тұратын матростарда дүрбінің болмағаны. Сондай-ақ көңілге күдік ұялататын тағы бір мәселе, кеме айсбергке соғылып жатқанда капитанның «орташа жылдамдықпен алға жү­ріңдер» деуі. Мұның өзі «Титаникті» тезірек құрдымға жіберу еді. Капитан SOS белгісін жіберудің орнына, байларға арналған каютаның біріне барып, Американың сол кездегі атақты байы Джон Ас­торға «тезірек құтқару қайығына барыңыз» деп өтінуі адам түсінбейтін жайт. Тағы бір таңғаларлық жағдай, алып кемеде бар-жоғы 20 құтқару қайығының болғаны. Оған небары 1178 адам сиятын. Дәл сол кезде кемеде 1316 жолаушы және 885 кеме қызметкері болған. Лайнер 3300 адамға арналған еді. Демек, біреу қаскөйлікпен құтқару қайығын аз тиеген...
 1995 жылы Батыс жазушылары Роберт Гардинер және Дан Вандердің «Титаниктің құпиясы» деген кітабы жарық көрді. Сол кітапқа үңіліп отырсаңыз, осы айтылған және көптеген өзге де деректер сөз болған. Мәселен, «Титаникпен» сапар шекпекші болған миллионер Пирсон Морганның (кеменің иесі де сол болатын) кеме жүрер кезінде «денсаулығым болмай тұр» деген сылтаумен жағада қалып қалуы. Бір қызығы, сол миллионер аталған трагедиядан екі күн өткенде түк болмағандай, ашынасымен Францияның бір курортында күнге күйіп, аунап-қунап жатқанын көргендер бар. Тағы бір қызықты дәлел, кемеге тиелуі тиіс небір қымбат картиналардың жағада қалып қоюы. Қазіргі күні сол картиналар Нью-Йорк өнер мұражайында тұр. Сондай-ақ кеме жү­рерінен бірер сағат бұрын Морганның көптеген байшыкеш серіктері (50 адам) сапардан аяқасты бас тартқан. Олардың ішінде неміс құрыш магнаты Генри Фрик, американың атақты миллионері Джордж Вандербильт те болған. Олар неге сапардан бас тартты? Бұл да күні бүгінге дейін шешілмеген жұмбақ?
 Кітапта тағы бір қызықты дәлел алға тартылған. Ол - «Титаниктің» одан бір жыл бұрын жасалған «Олимпик» пароходымен өте ұқсастығы. Сапар алдында «Олимпик» деген жазу алынып, оның орнына «Титаник» деп жазылған» дейді авторлар дерек-дәйектерді алға тартып. Себебі «Олимпик» кемесі суда жүзуді өте сәтсіз бастаған. Бірнеше мәрте қайранға батып, бір рет ағылшын крейсерімен соқтығысып қалған. Кінәлі «Олимпик» еді. Сондықтан компания «Уайт стар лайн» ағылшын кемесіне 1 миллион доллар шығын төлеуге тиіс-ті. Бұл ақша сол кезбен са­лыстырғанда аса көп болатын.
 Кітап авторларының болжамынша, осы оқиға қаскөй жоспар жасауға итермелеген. Сол себепті «Олимпик» пароходы «Титаник» деген жалған атпен рейске аттандырылған. Сондай-ақ «Олимпиктің де» «Титаниктің де» капитаны бір адам -Эдвард Джон Смит. «Жолда айсберг бар» дегенге қарамай «бар жылдамдықпен алға жүр» деп бұйрық беруінің негізгі себебі, қалайда кемені құрту жоспары еді. Демек, апат алдын ала жақсылап ойластырылған. Кітап авторлары осылай дейді. Осыдан төрт-бес жыл бұрын су астынан Титаниктің төрт мыңға жуық қосалқы бөлшектері, құралдары жағаға шығарылды. Бір қызығы, ешқайсынан «Титаник» деген белгі табылмаған... Кітап авторлары шын «Титаник» «Олимпик» деген атпен 20 жылдан астам компанияға қызмет етіп, 1935 жылы ескірді деп есептеп, бұзуға жіберген. «Титаникке» байланысты тағы бір аңыз былай дейді. «Титаниктің» иесі кемені өзінің жасалу бағасынан бірнеше есе қымбатқа сақтандыру келісім­шартына отырған. Сондықтан кемені қолдан апатқа ұшыратып ақшаны алу әлдеқайда тиімді екенін білген алпауыт «Титаниктің» суға батуын әдейі жасады деседі...
жоо,маған кадімгі титаник туралы емес,сол филмде тусірілм болған кеме туралы керек. сіздер дурыс түсінбепсіздер..
Жалпы титаник сол күні сапарға шыққан кезде ай өз деңгейінен бірнеше есе жақындап соның салдарынан деп естігем.
0 дауыс
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D2%E8%F2%E0%ED%E8%EA немесе http://ru.wikipedia.org/wiki/Титаник_(фильм,_1997)
0 дауыс
Ти­таник  - 20-шы ғасырдың басында салынған алып кеме. Британ кеме соғу компаниясы «White Star Line»-ның «Олимпик» класындағы үш кеменің екіншісі. Өзінің алғашқы сапарында 1912 жылы 15 сәуірде Атлант мұхитында айсбергке соғылып, 2 сағат 40 минуттың ішінде кеме су түбіне кетеді. Бортта болған 2,223 жолаушының, тек 711 адам аман қалған
![description][1]
Титаник Солтүстік Ирландияда, Белфаст қаласында соғылған. Оның килі 1909 жылы 31 наурызда «Harland and Wolff» верфінде төселеді. Кемені құрастырушылар «Harland and Wolff» пен «White Star Line» компанияларының басшысы Уиллиам Пирри[2], осы компанияның құрылыс менеджері, әрі теңіз сәулетшісі Томас Эндрюс[3]  және верфтің басшысы Александр Карлисл.
Кеме 1911 жылы 31 мамырда суға түсіріледі. 1912 жылы 31 наурызда қолданысқа берілгеннен кейін, 2 сәуірде кеменің жүру сынағы өткізіледі.
Кеменің ұзындығы — 269,1 м
Ені — 28 м
Биіктігі — 53.3 м (кильден бастап құбырдың төбесіне шейін)
Машина бөлімі — 29 қазандық, 159 көмірмен жағатын пеш
Кемені батпайтындай етіп трюмінде 15 су жібермейтін қалқалармен жабдықталған

  [1]:
0 дауыс
ия , жақында Қазақстан Әйелдері журналы Титаник туралы қызықты мәлімет жариялады.Қазір сканерлеп жіберейін
<a target="_blank" href="http://www.radikal.ru"><img src=" ></a>
Кемелеріңіздін атауын Титиник қойып жүрмеңіздер, сақтықта қорлық жоқ(^.^)

Ұқсас сұрақтар

...