+3 дауыс
2.0k көрілді
Бес парызды білесізбе? Және ең болмаса біреуін орындадыңызба?

3 жауап

+4 дауыс
1.Калимаға тілін келтіру
2.Бес уакыт намаз оқу
3.Ораза тұту
4.Зекет беру
5.Қажыға бару!
+4 дауыс
Бес парыз
Ол-Ислам дінінің негізгі қағидалары. Олар мынандай:
1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»).
2. Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу.
3. Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы- ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.
4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
5. Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.
Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.
Мен  Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сенемін.  Рамазан айында ораза ұстаймын!
+3 дауыс
Әрине, білемін. Меніңше әр бір мұсылман Ислам дінінің бес парызын білуге міндетті.

1) Әшhәду әл лә иләhә иллаллаh уә әшhәду әннә Мухаммәдәр расулуллаh.( Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне

және Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру)

2) Намаз оқу.

3) Зекет беру.

4) Рамазан айында ораза ұстау

5) Шамасы келсе, қажылыққа бару.

Мен аса мейірімді, ерекше рақымды Аллаһтың бар екеніне және Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екеніне сенемін. Әзірше намаз оқып, ораза ұстамаймын. Алла бұйыртқан күні 5 парызымды да орындаймын деген ниетім бар.
...