+3 дауыс
Бәріне топырақ шашудан аулақпын,бірақ сондай адамдар бар ғой өмірде ?Қалай ойлайсыздар не үшін олай жасайды? Өз ойларыңызды айтсаныздар?
11.01.2012 1.4k қаралым

2 жауап

+7 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Менің ойымша, өтірік сөйлейтін адамдар екіге бөлінеді. Біріншісі - бірдеңеден қорқып, өтірік айтады. Кейін сол өтірік сөзінің таяғын жеп жүреді. Өздеріне өздері сенімсіз. Былайша жап-жақсы адамдар, тек қорқақ. Ақты ақ деп, қараны қара деп айтуға қорқады. Өз пікірі жоқ. Шындықты мойындап, соның жауапкершілігін мойнымен көтеруге жігерлері жетпейді.
Екіншілері, бір тырнағын ішке бүгіп, алдындағы адамды алдап пайда көру, арбау мақсатында өтірік айтады.

Жалпы, өтірік айту жақсы қасиет емес. Өтірік айтпай, шындықты мойындаған адам қашан да сыйластыққа ие болады. Мейлі қандай жағдай болсын. Себебі, шындық - ол шындық. Адамның бойындағы тамаша қасиеттердің бірі, ол - шыншылдық.
11.01.2012
керемет жауап.....
Джақсы жауап екен. Өтірік айтып артынша шындығын айтса дұрыс болып кетер еді. Бірақ ондай адамдар табыла бермейді
Иә...қорқып өтірік айтқаны айтқан, бұл әсіресе жастардың арасында кездеседі, бірақ, соқпалдай жігіттердің қалтаға қол созып ұрлық жасап жүргені өте ұят нәрсе!
–1 дауыс
пенде емес па???
12.01.2012

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,978Қолданушы