Менің ойымша, өтірік сөйлейтін адамдар екіге бөлінеді. Біріншісі - бірдеңеден қорқып, өтірік айтады. Кейін сол өтірік сөзінің таяғын жеп жүреді. Өздеріне өздері сенімсіз. Былайша жап-жақсы адамдар, тек қорқақ. Ақты ақ деп, қараны қара деп айтуға қорқады. Өз пікірі жоқ. Шындықты мойындап, соның жауапкершілігін мойнымен көтеруге жігерлері жетпейді.
Екіншілері, бір тырнағын ішке бүгіп, алдындағы адамды алдап пайда көру, арбау мақсатында өтірік айтады.
Жалпы, өтірік айту жақсы қасиет емес. Өтірік айтпай, шындықты мойындаған адам қашан да сыйластыққа ие болады. Мейлі қандай жағдай болсын. Себебі, шындық - ол шындық. Адамның бойындағы тамаша қасиеттердің бірі, ол - шыншылдық.