+9 дауыс
609 көрілді
Бұл жағдай құдайымның маған берген сынағы болар, бәлкім тағдырдың салғаны ма? Кейде өмірден түңіліп өзімді өлтіргім де келеді. Себебі мен ондай адамның атағын алып жүргенге намысым шыдамайды. Кейде сол әкеңнің мінезі де дейді, ол сөз жүрегіме ауыр болып, қанжар болып қадалады. Бүйтіп өмір сүргенше өлгенім артық деймін де, бірақ ол ойымнан айнып өзімді бір-ақ берілген өмірді адал, әділетті сүруге жұбатып қоямын. Анама, яғни нағашыларымның осындай құшақ жая, жомарт адамдардың жанұясы мені өз балдарындай баққанына Құдайыма шексіз алғысым көп. Сайттың ақылгөй адамдары сендерден өтініш маған көмектесіп өздеріңіздің ақылдарыңызда айтсаңыздар! Әкем нағыз барып тұрған жексұрын, мінезі қатал адам болған. Анамды түймедейді түйедей қылып ұрып-соғып сабайтын болған. Бұл барып тұрған надан адамның ісі ғой. Бірақ өзінің қателігін мойындады. Сонда да ондай адамды көрмек түгілі естігім де келмейді. Бәлкім ол менің анамды сүйіп алмаған болар. Сүйіп алатын болса, анамды неге ұрады? Эх, эх, эх анамның сонша азапталып жүргеніне, жаным қатты ашиды. Мені қиын кезеңдерде сонау 97 жылдары тек сен же, тек сен киін деп бақты. Мені өсірмейінше басқа біреуге тұрмысқа да шыққан жоқ. Анамның осындай жасаған жақсылықтарын осы, ана дүниеде де ұмытпаспын. Бұған дейін осындай жайттарды әкем туралы айтпаған еді. Бүгін әжем барлығын айтты. Еріксіз көз-жастар жүрегіме түсті. Әкемнің қазір бір қатыны бар, балалары да бар-ау дейм, білмейм анығын. Сондай адамға қалай сенуге болады? Менің хәл-жағдайымды білгісі келіп бүгін телефон шалды. Амалсыздан сөйлестім. Егер проблемаң болса, маған хабарласарсың дейді. Ішімнен сенің көмегің керек еді дей салдым. Осындай әкемнің осындай өмірде бар болғанынан гөрі, жоқ болғаны артық. Енді сендер айтың менің істеп жүргенім дұрыс па? Әлде мен білмейтін ақылдарыңыз болса, ерінбей айтуға тырысыңдаршы...

4 жауап

+3 дауыс
бұл өте қиын сұрақ, не істесең де өз еркің, бәлкім телефон шалғаны әкең өкінгені шығар... бірақ осыған дейін әкесіз өссең, бұдан кейін де жаман болмайды деп ойлаймын...өз еркің әрине...
+6 дауыс
Рас, "әкеңнің жақындығы жездедей-ақ", десек те, ол сіздің әкеңіз! Нағашы әжеңіздің бұл құпияны сізге ашқаны қателік болған, ит болса да ол сіздің әкеңіз, мына жарық дүниені көруіңізге себепші болған жан. Анаңызды ұрғанының да өз себебі болған ғой, жәдан жәй ұрмаса керек. Осы уақытқа дейін ол туралы жаман сөз айтпай өсірген аныңыз ер-ақ екен. Қателеспейтін жан жоқ, сіздің әкеңіз де байқамай шалыс басқан шығар, тіпті болмаса сіз әсте білмейті тағы бір құпия бар шығар. Жалпы, не десек те ата-ана алдындағы парызыңызды ұмытпағаныңыз жөн, анаңыз әкеңізден қорлық көргенімен сіз көрген жоқсыз. "Таяқтың екі ұшы бар" демекші, бұл жағдайға бір ғана адамның кінәлі болуы мүмкін емес, ал ол сізге айтуға болмайтын құпия шығар....  Әкеңіз қоңырау шалса бұлданбай-ақ сөйлесіңіз, көмек беріп жатса қабыл алыңыз, сізге көмектесу міндеті, сондай-ақ сіздің әке алдындағы парызыңызды ұмытпағайсыз. Мынау бес күндік жалған дүниені емес, ақіретті ойлаңыз. Оны кешіре салыңыз, кешіргеннен кішірейіп қалмайсыз.
Жоқ, оны кешіре алмаспын. Себебі оның мінезі ауыр дейді әжем, анам. Тіпті нағашы атаммен бейбастақ сөйлесетін болған. Ондай адамды тәрбие көрмеген надан десек қателеспеспіз. Көмегін берсе алармын, кешіре алмаспын.
Олар дейді ғой, себебі атаңыз бен әжеңіз анаңыздың ата-анасы. Сіз сөзге емес, оның өзін көріңіз әуелі. Мүмкін олар асырып айтқан шығар, не десем де өзіңіз білесіз ғой. Десем де мына тәрбиелік мәні зор мақалды жадыңызда сақтаңыз "Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше, жаман адамның реніші басы көрге кіргенше", "кең болсаң кем болмайсың"
Алып-қосарым жоқ! Жақсы жазғансыз...
+5 дауыс
Дүниеде жақсылық жасауға тұратын адамдар болса, ең алдымен ол ана мен әке. Баланың мойнындағы міндет, әке мен шешенің разылығына бөлену. Қандай жағдай болса да, оны әркім тек өз басымен түсінеді. Өзінше дұрыс немесе бұрыс деп баға беруі мүмкін, бірақ олар жәй ғана пікір ғой. Шындап келгенде, адамның пікірі сан түрлі өзгере береді, неғұрлым ақиқатқа көзі жеткен сайын. Бірақ, адам өмірінде әке - біреу, шеше - біреу. Осы факт те жетеді. Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер. Өмірде қарапйым тапсырма бар, ол әке мен шешені сыйлап өту. Бұл тапсырманы орындай алмаған адам, басқа істі де оңдырып тындыруына күмән тудыруға болатын сияқты. Жалпы, әке-шешені сыйлай алған адам Алла Тағаланың да мейіріміне бөленеді. Бұл сынақ. Сынақтан өтуге кез-келген адамның шамасы келеді, ол үшін аса көп қаражат та, қайрат та қажет емес. Ниеті барлар өтеді да ақырындап.

Қайғыны қайғымен түзетуге болмайды. Таспен атқанды аспен ату - тек мықтыларға тән қасиет. Әр қашан мықты болайық.
+3 дауыс
Әкем біреу,
Анамда біреу менің.
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке,
Көрген емеспін,
Қабақтарын шытқанын, түнергенін,
Менің досым әкесін жек көреді,
Бізбен ісі жоқ оның-деп сөгеді.
Жамандайды сыртынан тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапсада адамдар, тап садаға,
Әке жалғыз, табылмас ақшағада!
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін береме басқа бала.
Әке білек,саусағы балалары,
Қан тамырымен жалғасқан аралары.
Ана тамыр,бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Ата-анаңның арасында болған жағдайдың әрине балаларға әсері болары сөзсіз, әкеңіз анаңызға қиянат жасады екен, бірақ ол сіздің әкеңіз ғой, сізге өмір берген әкеңіз. Мына өлең шумақтарын оқып көріңіз, мүмкін жүрегіңізде әкеңізге деген бір жылулық оянар. Кешірімді бола білгеніңіз жөн. Қызын сорлатып кеткесін, ата-әжеңіз әкеңізге байланысты өздерінің жақтырмағандықтарын білдіретін шығар, кім баласының бұл дүниеде жаны қиналғанын қалайды. Анаңызбен жараспағанмен, одан қанша көмек алғыңыз келмесе де, жүрегіңізбен кешіріңіз, өйткені біреуге деген жеккөрушілікті ұстап жүру сізге де зиянын тигізері сөзсіз. Әкеңізден ешнәрсе алмасаңыз да, сәлеміңіз түзу болсын. Бар айтарым осы...
...