+2 дауыс
5.3k көрілді
Мен шаршаймында жүрем,вобще биыл оқуға түскесін группамен араласа алмай журмін,не істеуге болады,маган группадагы балдар айтады аралас ангіме айт деп .Мен айтамын мен ауылдан келген адаммын мен не айтам сендерге дым, негізі өзім-ау бастан еш нәрсеге қызықпаймын,ой тасташ пен журе беремін, со тасташым қазыр өзіме кері әсер етіп жатыр. Енді мен адамдармен карым-катынас жасай алмаймын. Не істесем болады? общение жасай алмаймын өзім негізі тұйық болғасын ба? көмектесіңдерші а? Мен қиналып өмірден түңіліп кеттім, оқуда озімді не істеп жүргенімді, бір арқамда ауыр жүк бардай шаршаймында жүрем,әлсіреп,өмірге деген кұштарлығым жоқ?кұтқарыңдаршы мені?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шаршаймын дейсіз бе? Жас адам шаршаушы ма еді? Сіз деген жалындаған энергиямен толып тұруыңыз керек қой, жан-жағыңызға энергия беріп тұратын жас адам шаршаса, өзгелер тураыл айтпай ақ қояйық. Он екі мүшеңіз сау шығар, алпамсадай адам өмірге құштарлығым жоқ деп қалай айта алады? Еее..ауылдың баласы болсаң, не болыпты? Елдің бәрі қалада туылып, қалада өсіп пе? Мен де құмның ортасындағы ауылдың қызымын, сонда не бопты? Қайдансың дегенге ешқашан қаладанмын деп айтып көрген жоқпын, ауылда аз ғана уақыт тұрсам да. Бірақ, ешқашан қаланың адамымен әңгімем жараспайды деп айтпас ем. Ол ауыл мен қалаға қарамайды ғой, адамдардың мінез-құлқына, танымына бйаланысты ғой. Сонда сіз ауылды кемсітіп тұрсыз ба, өзіңізді ме? Ауылдың қаладан еш кемдігі жоқ, керісінше артық деуге болады. Қарым-қатынас жасай алмауыңыздың себебі, өзіңіз араласатын адамдарға байланысты болу мүмкін ғой. Сіздің осы 17-18 жылдық ғұмырыңызда бір нәрсеге қызығып көрмегеніңіз қалай? Сұраққа сұрақ қойып кеттім-ау) Шыны керек таңғалып тұрмын...шаршаймын деңіз....сіз былай етіп көріңіз. Өмір бізге бір-ақ рет берілетінін білетін шығарсыз, бұл өмірде адам артына игі жақсы істер қалдырып, ең болмағанда жақсы адам болып өтуге тырысу керек қой, әрине бұл менің сізді жаман деп тұрғаным емес. Сол өмірде "шаршадым" деп жүре бермей, күресуге үйрену қажет. Күресу... Қалай? Мысалы, өзіңізді жеңуге тырысу керек, еріншектік деген нәрседен аулақ болу. Шаршау деген мүмкін сылтау ғана шығар? Сіз мүмкін шаршадым деген сылтаумен өзіңізді ешнәрсе істемеуге итермелейтін шығарсыз! Сондықтан, ешқашан "шаршадым" демеңіз, өзіңізді күштімін деп сезініңіз! Жаңа қызығушылықтар табыңыз, қазір өмір сүруге жағдай неғұрлым жасалған. Қазір оқимын десең кітап, айналысам десең спорттың сан түрі бар, неге біз осы мүмкіндікті пайдаланбай, босқа жүре беуіміз керек? Өстіп, өмірің, жастық шағың ұшқан құстай зу ете қалғанда, қадірін түсінбегеніңіе өкініп, сан соғып қалғанша... өмір сүре білейік! Үміт артқан жандардың бар екенін ұмытпаңыз, ең болмағанда ата-анаңыздың аялы үмтін ақтауға тырысып, өзіңізбен күресетін үлкен күш табыңыз! Алға!
+1 жауабың ұнады маған Тоғжан..................................
Сіз ауылдан келген балмын дедініз бе? Неге ауылдын баласы төмен болу керек! Қаладағы адамдардың бәрі де ауылдан шыққандар ғо!!!! (қаланың адамдарын жамандағаным емес)!!! Керісінше ауылдын баласығо көп араласатын!
+5 дауыс
Сізді мен құтқарып көрейін ) қане, кӨтер қане басыңды ...)деп хээ
жарайд...кешірім өтінем) Сіз біріншіден ой тасташ деуді қойыңыз ... талпыныңыз,қызығушылығыңызды ойататындай бір сүйікті іс тауып алып сол іспен айналысыңыз...мысалы спортпен айналысуға болады... т.с.с!
Негізі тұйық адамдар көпшіліктің арасына барып ашылады... сізде мүмкін біраз уақыттан кейін... мінезіңіз өзгерер..мүмкін,бәрі мүмкін. Екіншіден мен ауылдан келген адаммын деп өзіңізді төмендетпеңіз...
мен киналып омирден тунилип кеттим, окуда озимди негып жургенимди, кудды бир аркамда ауыр жук бардай шаршаймда журем,алсииреп,омирге деген куштарлыгым жок?Бұлай айтпаңыз Бәрі БӘріде өзіңізге байланысты... Адамдармен амандаспаушыма едіңіз сол кезде ... Н\Е оқу орыныңыздағы группаластарыңмен оқу жөнінде әңгіме қозғаның ..көп қой ... әр сөзге өз пікіріңізді айта отыруды да ұмытпаңыз ? Әлде ұялшақтық тағы барма?) н/е жаныңызға жақын адам тауып алыңыз... Бірақ Өмірден түңілмеңіз ! ӨМІр керемет,ойна,күл ... Әлі - ақ қаланың өміріне үйреніп кетесіз) Сәттілік сізге)
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.
0 дауыс
Өте сауатсыз жазылған қате қате ?!!?! сенің яғни кешіріңіз сіздің сұрағыңызды өңдедім.........
Катеде турган ештене жок,ен бастысы тусiнсен болды гой mwmwm
Сенің яғни кешіріңіз сіздің өңдегеніңізде де қате бар! КеМеңГеР
...