0 дауыс
3.6k көрілді
"Табақ тартудың" қандай түрлерін білесіз? Кімге қандай табақ тардылады және еттің қандай мүшелері беріледі? Осы жөнінде білгім келіп еді.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Табақ тарту тәртібі

Жеңге табақ
Қазақта қайыны мен қайын сіңлілері жеңгелерімен ерекше қалжыңдасады, бөлекше әзілдеседі. Тіптен жақсы көреді, бал тілімен тәп-тәтті әзіл айтысады. Сөйтіп жандары жақсылықпен жанасады. Ойын-күлкілі, әзіл-қалжыңды өмір берекесімен табысады. «Жеңге жолы шеше жолымен бірдей» деген сөз бар қазақта.
Қазақ қыз-жігіттері жеңгелерін құрметтейді, күтеді, мол дастарқан жаяды. «Жеңге табақ» деген атпен ас әзірлейді. Жеңге табаққа қойдың жамбасын, жауырынын, арқа белдемесін, сүбе қабырғасын, жүрек, бауырын, тоқ ішегін, қарын, бүйректерін салады. Осы-ның өзіндік тілі бар. Бауыр, жүрек, бүйрек салуы бауырыңды бауырыңдай көр, жүрек табысқан жүрегі бұрылып тұратын болсын дегені, ал жамбас асуы жолың үлкен, шеше орнында сыйлаймыз, ішек-қарын асуы іші-бауырымыз араласып, сыр жасырмайық дегені.

Жезде табақ
Жезде табақты жездесіне балдыздар дайындайды. Оған ортан жілік, жауырын, арқа, белдеме, қарын, тоқ ішек, бауыр, жүрек, бүйрек, құйымшақ салады. Жезде табаққа салынатын сый-сыбаға негізінен «жеңге табақпен» бірдей болады. Ал ұқсамайтын жері құйымшақ қосады. Онысы балдыз қыздардың жездесіне көрсеткен әзіл-қалжыңы, назды қылығы. «Құйымшақ жеген қойшы болады», «сіз бізге қойшы болыңыз» дегені. Бұл әзілді білетін қу жезделер білдірмей отырып құйымшықты балдыз қыздардың біріне ұсына қояды. Оны байқамай алып қойған қыз жездеден жеңілген болып, оған киіт кигізеді. Ал момын, әлжуаз, жол мен қуылқыт сезбейтін жезде болса, құйымшақты білмей жеп қойса, оны аңдып тұрған қыз балдыздар жезделерін шап беріп ұстап алып, жеңген жолын сұрайды. Ас қайырылып болған соң, жезделер табаққа күміс теңге, жүзік, сырға салып қайтарады. Мұны күтімақы «көңіл табу», «арашалану салты» деп атайды.
Қазақ «Жезедеден киген жең болмас, етектен кескен тон болмас» деп оны әзіл үшін, ойын-қызық үшін шы-ғарғанын да жасырмайды. «жездеге ілессең, жерде қалмайсың» деп жезделерін таудай бағалайды. Жезде-аға деп ағынан жарылып ағалайды.

Беташар табақ
Қазақтың келін түсіру салтында, келіннің бетін ашқан жігітке арнап «беташар табақ» деген ас сыйлайды, үлкен сый-құрмет керсетеді. Беташар табаққа тіл жағын, жүрек, бауырын, ортан жілік, жауырын, белдеме, арқа, қабырғаларын, үстіне таңдай салады. Оның үстіне әдемі кестелі қол жаулық жабады, болса күміс жүзік, теңге қояды. Бет ашқан жігіт жолдас-жораларымен алқа-қотан отырып, теңгені, жүзікті, қол жаулықты бөлісіп алады да, бата жасайды, әнші жіпт таңдайым тақылдасын деп таңдайды алып жейді, қалған еттерді бәрі бірігіп бөлісіп жейді. Мұны қазақ кәдесінде «беташар табақ» деп атайды.
Қазақтың сый-сыбағасындағы беташар табақтың да өзіндік құпия тілі бар. Қызық қыры, санаулан сыры бар. Беташар табаққа бас салмауы жасыңда кәрілік келмес дегені, тіл жақ, таңдай тартуы шешен болыңдар, бұлбұлдай сайраған әнші болыңдар, тілдеріңнен бал тамсын, келіннің беті жарық, жолы ашық болсын дегені. Жүрек салғаны жүрек таза, ақниетті болыңдар дегені. Бауыр салғаны бауырдай жақын болайық, жамандық, суық сөз, сұмпайы тіл болмасын дегені. Ал осының бәрін салып сыйлағаны ер жігіттің басын қастерлегені. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық көрінеді деп, ыстық аспен ықылас сыйлауы құрмет көрсету болып табылады.

Бала табақ
Баласын бақытына балайтын қазекем олардың рухани өсіп-жетілуіне ерекше мән береді, сонымен бірге азықпен қоректендіруге де баса мән беріп, бала жолы бал, үлкен жол деп үйіне келген балаларға да «бала табақ» тартып, ас-дәм сыйлап отырған.
Бала табаққа асық жілік, жауырын, ортан жілік, арқа, белдеме, тіл жақ, қабырға салады. «Баланы қуыс үйден құры шығарма» деп оларға киім-кешек, тәтті тағам сияқты әралуан балаларға тән тарту ұсынады. Баланың меселдесін қайтарма, қалағанын бер, «сәбидің көңілі қайтса кедей болып қаламыз», «бала бақытынан асқан бақыт жоқ», «көрші үйдің баласын ұрма, қолың қалтақ, бұтың талтақ болады» деп ырымдайды. Осыдан-ақ баладан дана тәрбиелеген халқымыздың дәстүр-тағылымы көрініп жатпай ма?!
Баланы баласыну, бәлсіну, яки көзге ілмей яғни адамгершілік, азаматтық жолға да, арға да үйлеспейді, тәрбиеге де дұрыс келмейді. Баланы бала демей, дана деу, оған дұрыс мәміле жасаудың өзі үлкен кісілік парыз. Парыз ғана емес, мойынды қиып түсер қарыз. Оны әрбір үлкен есті адам есінде берік сақтауы керек. «Алыстан алты жастағы бала келсе, ауылдың алпыс жастағы ақсақалы сәлем береді» деп бұрынғы өткен көнекөз қарттар амандаса барған ғой. Баламен тізе қағысып отырып, ауылдың, ата-ананың амандығын ұғысқан ғой. Баланы бала демей, даналарша сыйласқан ғой. Әуелі екі қария таныса қалса, ел амандығынан соң, "қанша балаң бар?" деп сұрап, "бақытты екенсің" деп жатады. Қанша ақшаң, қанша малың бар деп сұраған емес. Өркениетті ел өренімен мақтанады. Ендеше, баланы баласынбай, құрмет көрсетуді ұмытпайық.Бала табақтан жарқылдаған қабақ тауып, ойды шүлен ой қуып, өмірді мәнге, тірлікті сәнге айналдырайық!
Болат БОПАЙҮЛЫ, этнограф-жазушы. «Той Әлемі» журналы
Жауабыңызға көп-көп рахмет!!!
+2 дауыс
Үйге келген қонаққа нан - паннан алып отырыңыз деп айтуға болады, ал балықтан алып отырыңыз деп айтпау керек екен. Себебі қылтықтап қалса қожайын кіналі дейді.
Негізі Жауырынды жауға береді дейді ғой.
Ертеректе өмір сурген даналарымыздың бірі өзінің ақыл сөздерінің бірінде:
Қонаққа аспа жауырын
Таңдап бергей тәуірін
Бипаз сойлеп кеткенше
Cипап жібер сауырын
Жілік жесең біреуден
Сақта оған жамбасты
Басыңа іс түскенге
Жамбастан ол танбасты
Болмаса егер албасты.
Есікте конақты токтатпа
Бірак мені токтатпа,- деген екен.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
+6 дауыс
12 жауап
...