0 дауыс
572 көрілді
Осы 2012 жылдан қандай жақсылықтар күтесіз осы жылға айтар тілегіңіз ойыңызды білгім келеді!Ұлу жылы сізге қандай көңіл күй сыйлады?

1 жауап

0 дауыс
Жаңа 2012 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын
жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып,
Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

Ал енді ...Ұлу жылы қандай көңіл күй сыйлайтынын әліде көре жатармыз, жалпы бастамасы жаман емес))жақсы көніл-күй бір қалыпты)
ж/е *мына жерде де бұ сұрақ талқыланыпты көре кетіңіз)* https://surak.baribar.kz/66273/
Рахмет Айкоша сіз жақсы жауап бердіңіз 2012 жыл сізге ырыс,береке,бірлік әкелсін!Жаңа жылда жаңа шуақты күнді сізге тілеймін!Және де бараша қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Сұрақ жауап сайты өркендей берсін ол сайт бізге жақсылық нұрын шашады!Білмегенді осы сайттан ақ тауып алып жатасың ең бірінші осы сайтты ашқан адамға Ербол ағайға Админге рахмет!Бәріміз осы сайтты өркендетіп биікке көтерейік!Әр оқырмандарға сұрақ жауап сайтының белсенді мүшелері сіздерге де алғысым шексіз жаңа жылдарыңыз шаттыққа,қуанышқа берекеге толы болсын ағайын!
Аумин ... айтқаныңыздың барлығы десті орындалғай ... Иншаллах!
ЖаҚсЫ АйТҚаНыМ КеЛсІН
...