+9 дауыс
761 көрілді
Сіз осы сайт арқылы қандай жетістікке жеттіңіз?

14 жауап

+10 дауыс
Жетістігім:

- Жақсы қорғап шыққан жартылай ғылыми жұмыс - мәліметті осы сайт қолданушысы тауып берген-ді;
- 40-60-та алатын Профессор дәрежесін 17-жаста алып отырмын....)
- Білімім енді 35-39 пайыз көрсеткішіне артты;
- Пту-пфу-тфу...көз тимесін. )
+8 дауыс
Жетістік дегенде ондай алып бара жатқан жетістіктерім жоқ. Сырттағылар байқамаса. Бірақ білмейтін нәрселерімнің біразын білдім.
+3 дауыс
Сайттан көп достар таптым, 2 айда біраз тәжірибе болды маған, білгенімді айттым, білмегенімді сұрадым!!!
+5 дауыс
іііііііііііі не айтайын

Тамақ пісіруді қойдым. шәй ішуді де қойдым. үй жинамаймын, ыдыс жумаймын, жұмыс жасауым күрт төмендеп кетті. ))) (бәрі осы сайттың арқасында)
 (ищя ыдыс жуасыңба, тамақ пісіресіңба дейтіндерге алдын ала айтарым, бойдақпын, өзім бөлек тұрам, так что ыдыс өзімен өзі жуылмайды, тамақ өзімен өзі піспейді ((((

(соңғы кездері өзімді заставить етіп интернетімді айырып тастадым, міне ғажап, үй тап таза, тамақ пісіп тұр, ыдыс жуулы тұр, ерте ұйықтаймын, (ну енд ерте тұра алмайды екенмін бәрібір))

 жұмыста да кірмеуге тырысамын, бірақ анда санда болад енді ондай ондайлар )))
Өтірік айтамын ИНТЕРНЕТІМДІ менің ерікімсіз айырып тастады (((( ақшасын төлемегесін (((((
туууууф бәрі эмоция шығып кетіпті.......Үнді қызы мен көпәріп бар емеспе...
басее  солай шыгар(((((((
0 дауыс
Керек заттарымды алдым
+1 дауыс
11 ақпан күні сұрақ қойдым сосын 24 ақпанда сотка алдым ол сотканы осы сайт арқасында алдым)Сұрақ қойған едім сайтқа [міне сілтемесі)!][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/93711/
+1 дауыс
Жауабын таба алмай жүрген сұрақтарыма жауап алдым..
0 дауыс
Мен осы сайт арқылы Марат есімді қолданушымен тансып Адай руы жайлы толыққанды мәлімет алдым! Қазақша тіл байлығым дамытып келе жатырмын!Және ең бастысы бос уақытым құры қыдыруға кетпейтін болды қыдырудан да осы сайт маңызды болып кетті маған!3 аптаның ішінде аға оқытушы дәрежесіне дейін жеттім!Және өзім сияқты жанашыр жас буын жастардың барына көзім жетті!Медет Марат сияқты ойы ұтқыр балларға қарап!
Аконы да жаза кеткенің дұрыс шығар, одан шешендің сөз үйренген жоқсыңба
хехехе келісем!
0 дауыс
Жетістік әзірге жоқ, 5-6 жылдан соң нәтиже болып қалар.
0 дауыс
Компьютер жайында көп мағлұмат алдым
0 дауыс
СЖ арқылы жеткен жетістігім жоқ екен. Үйренгенім: Адамдардың жақсы және жаман жағын ажыратуды үйрендім, адамдарға қандай жағдайда қалай жауап беру керектігін үйрендім.
+1 дауыс
Менің жеткен үлкен жетістігім ғылымның не екенін меңгеруім. Өзіме жат болған дүниелерді үйренуім. Сондай-ақ, осы сайттан жинаған тәжірибием арқасында сайт ашудан ауданнан 1, облыстан 3-орын алған едім.
Жасаған сайттарыңның сілтемесін тасташ
Уақыт болмай кеткесін жауып тастадым.
0 дауыс
Анау айтқандай жетістік жоқ.
0 дауыс
Жетiстiкке жете қойғаным жоқ. Бiрақ керек кезде ақыл-кеңестер алып, бiлмегендерiмдi бiлдiм.
...