+4 дауыс
10.2k көрілді
САҒЫЗ-дың пайдасы мен зияны? Көбіне Дирол шайнаған дұрыспа әлде Орбит па?

12 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап


Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америка елінде ойлап тапқан. Өнертанушы Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен, оны өндіруге ат салыспаған. Америка Құрама Штаттарында 100 түрлі сағыз өндіреді. Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ол әлем бойынша таралады.

Сағыз шайнап жатқан кезімізде «уақытша есте сақтау» қабілетіміз жойылады. Алайда өміріңізде бұрын соңды болмаған оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі.

Жарнамаға сүйенер болсақ, сағыздың пайдасы мол: ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады, тістің ағаруына жол ашады, кариестің түспеуін қадағалайды, эмальді қатайтады, т.с.с. Алайда, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейтін сияқты.

Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртық қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Диетолог-мамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, зиянды тағамның аз да болса пайдасы бар.

Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді.
Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді.
Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады.

Есіңізде болсын!

Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды.
Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.
Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды шайып жіберіңіз.
Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!
Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.
Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз.

+4 дауыс
Орбит Мятный  дұрыс-ақ. ....Күнде тәңертең астан кейін шайнайтын әдетім бар.
![descripоtion][1]


  [1]:

Кемшілігі:  Жарнамада көрсететіндей кариестен құтыла алмайсыз.Дәлелденген. ...иә, ол тісті тазартады деген рас, алайда тіс арасын-қуысын ТАЗАРТПАЙДЫ. Гастрит, т.б. ішек ауруларымен ауыратын адамдарға сағыз Шайнауға Тыйым салынған!  ....кеңірдекте тұрып қалу қаупі бар.Аллергия тууы мүмкін.
Пайдасы: Жақ сүйектерін қатайтады. Күн сайын аузыңды жыбырлата берсең....конечно.Еріккенде - ермек.
+5 дауыс
Ас қорытуға көмек.
Тамақ ауырғанда болмайды.
+3 дауыс
Сағыз шайнау адамның ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді болдырмаудың  жақсы әдісі екен. Сағыз өте жеңіл әрі кез-келген жерде пайдаға аса кететін зат. Сағыздың дәмінің қандай болғандығы маңызды емес. Оның  дәмі ауыздың сасымауы үшін айтарлықтай маңызды қызмет атқара қоймайды. Маңыздысы, ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысы.  Тістің сау күйінде сақталуы үшін құрамында қант жоқ сағыздарды пайдаланған жөн. Сағыз шайнағандықтан сілекей көп бөлінеді және ол 300 %-ға күшейе түседі. Сілекей асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Одан қала берді, тілдің де таза болуы үшін де керемет пайдалы екен. Алайда пайдалы екен дегеннің бәрін тоқтаусыз жасай беруге де болмайды. Сағызды тамақтанып болғанан соң шайнау асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.
Егер түсікі астан кейін он минуттай сағыз шайнасаңыз, бассүйекте орналасқан ағзаларға да оң әсерін тигізеді екен. Әсіресе, миға баратын қан тамырлардағы қанның жұмысын жеңілдетеді. Ал егер жолда, яғни, көлікте немесе пойызда болсаңыз құлағыңызға түсетін салмақты азайтады.
[Мынаны қарап көрші][1]  [Тағы да мәлімет][2]


  [1]: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/1176-sagiz.html
  [2]: http://www.kerekinfo.kz/blog/osylaieken/6306.html
+3 дауыс
Зияның ас ішек пен тоқ ішекті көбі біледі... Ең бастысы мынау: Сағыз резеңке ғо. Сағызды шайнаған сайын тісіндегі пломбаға жабыса береді, әрине бір-екі рет шайнағаннан емес. Көөп шайнағаннан тісіндегі пломба босап, түсіп қалады...
+2 дауыс
Сағыздың пайдасы ауыс иісін құртады, ал зияны асқазанды құртады!!!
+1 дауыс
Сағыз шайнау пайдалы жаттығу. Ол адамның ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысын тудырады. Сағыз шайнау барысында сілекей көп бөлінеді және ол 300 %-ға күшейе түседі. Ол асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Бірақ сағыз көп шайнауға болмайды.Аузың қозғалтып шайнағанда ішіңде бір тамшы су ағады тамшылап.Егер көп шайнасаң ішіңді тесіп шығады деп айтқан маған
0 дауыс
+1 дауыс
Негізі сағызды тәттісі н/е ашшы сағыз боладгы орбит сонын ашшысы кеткеннен сон 1,2 минут шайнап тастау керек!БІз дәмі кетседе шайнай береміз ол болмайды!Бұны таңшолпаннан көрдім!
0 дауыс
Орбит шайнау керек
0 дауыс
Сағыз ас қорытуға жақсы. Зияны соның керісі.
0 дауыс
Сағыздың пайдасы: ауыз қуысын тазалайды,

5 теңгелік сағыздан гөрі, Orbit жақсы, өзім Orbit-ты қолданамын

Сағызды ірігенше шайнаудың керегі жоқ
...