+2 дауыс
420 көрілді
Мысалы мына сұрақта:
[дискке қалай құжатты көшірілмейтін қылып жазуға болады?][1] - осындағы көшірілмейтін деген сөзді мен дискке ақпарат көшіріп жазуға болады ма деп түсініп қалдым басында. Яғни дискке көшіріп тастау ма деп түсінсіздеуь болып қалды.
Бір шетінен ол да дұрыс, себебі онда көшірілмейтін деп жазылған. Яғни копиясы алынбасын деген мағынада жазылған. Осы көшірмейтін сөзін талдап бере алатын адам бар ма екен?


  [1]: https://surak.baribar.kz/70906/

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қай тілде болмасын, сөздердің орындарын ауыстырған басқа мағына шығатын мысалдар жетерлік. ТАң қалатыны жоқ. Сіздің айтпағыңыз мынау болар:
"Дискке құжатты қалай көшірілмейтін қылып жазуға болады?"
"Құжатты қалай дискке көшірілмейтін қылып жазуға болады?"
Бірінші сөйлемде дискіге көшірілген құжатты кейін дискіден көшірілмейтін етіп жазудың әдісі сұралған. Екінші сөйлемде құжатты дискіге көшірілмейтіндей етіп бір затқа (жадының басқа түрлері) жазудың әдісі сұралған.

Екі сөйлемде де бірдей сөздер, тек сөздердің орындары ауысқандықтан сөйлемнің мағынасы өзгеріп кеткен.

Көшірілмейтін сөзін талдайтындай күрделі сөз емес  қой.
Рахмет! Тамаша толыққанды түсіндіріп бердіңіз! :)
+5 дауыс
:біртүрлі смайлик: (facepalm)

дисктегі ақпаратты қалай көшіруден сақтауға болады. (Как защитить диск от копирования) - десем түсінікті болар ма еді...
Қапа болма Абылай! Жай сұрақ қойғаным ғой. Түсіндім ғой бірақ мен бұнда көшірілмейтін деген сөзді толық түсінгім келген еді!! (ұялып тұрған смайлик)
0 дауыс
"көшірілмейтін" сөзі морфологиялық тұрғыдан талдағанда былай жасалынады.көшірілмейтін-етістік.көш-түбірі,ір-өзгелік етістің жұрнағы,іл-ырықсыз етістің жұрнағы,ме- болымсыз етістік жұрнағы,йтін-есімшенің жұрнағы....
...