Қайрат Лама - Шәріпті бұдан соң кім деп атауға болады?

+1 дауыс
483 қаралым
Бүгін ҚР Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Өзінің құттықтауында ол республиамыздың гүлденуіне өздерінің үлестері мен игі істерін қосып жүрген елдің православ азаматтарына ризашылығын бідірді.

«Осынау жарқын мерекеде барлық діндарларды ізгілік пен мейірімділіктің биік мұраттары біріктіреді. Мереке әр үйге игілік пен бақуаттылық әкелсін, бұл күндері бақыт, сүйіспеншілік, және береке жүректерді қуанышқа толтырсын», - деді Қ.Лама Шәріп.

Дереккөз: ҚазАқпарат
• Санаты: Тұлға, Адам | 483 қаралым

2 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап
ҚР Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы ретінде Қайрат Лама Шәріптің құттықтауы дұрыс. Елімізде екі діннің басты мерекелері демалыс күні болып белгіленіп, мемлекеттік мейрам болғасын солай істеуге қызметтік этикасы бойынша міндетті. Бас мүфтиіміз де құттықтаған, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты, зайырлы мемлекетпіз ғой.
+4 дауыс
Басқа діннің өкілдері де біздің мейрамдарды құттықтап жатады ғой. Бұл оның міндеті болған соң құттықтап жатқаны да. Тіпті Бас Мүфтидің өзі құттықтады.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
23.04.2011 • Санаты: Тұлға, Адам Не_знаю сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
127,937 сұрақ
322,811 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы