0 дауыс
15.4k көрілді

2 жауап

0 дауыс
Бір ұлтты жою мақсатындағы әрекет. Гитлерліктердің еврейлерді жоюы, сталиндіктердің қазақ халқына, украиндерге қарсы қолданған саясатын жатқызуға болады.
0 дауыс
Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру.[1] Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.

Халықаралық құқық геноцидке ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады. ұлттық, этникалық, діни топтарды түгелдей немесе бір бөлігін жойып жіберуге тырысып, геноцидке ұшыратқан көптеген қылмыстардың беті ашылғаны белгілі. Мемлекеттік мәселелерді шешуде геноцидті қолдану көп жағдайларда аумақтық басқыншылық және езілген халықтарды басқа елдің шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған Оттоман империясына тән болды. 1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян қырылған. Бүл езілген халықтардың аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген геноцидтің классикалық мысалы болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғынға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.
Мына wiki білімге қатысқан амиго, армян, еврейлердің қобызын тартпай, қарапайым қазақтарихындағы оқиғаны жаза өтпегені сатқындық қо. Қазір жер бетінде қазақ саны азайып кетті, бүгінге дейін қазақ саны 45 млн-дай болар еді, сонда әр қазақ бүгін 3 қазақтың орнына өмір сүріп жүр.

http://www.kerekinfo.kz/blog/3084.html
...