+2 дауыс
9.9k көрілді
"Менталитет" мағынасын түсіндіріп беріңіздерші?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн. Діл "біз және біз емес" деген ажыратушы оппозицияға негізделеді.

Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.

Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.

+2 дауыс
Түсінген боларсың..сұрағыңа ашылды. ( түсінбепсің)
+3 дауыс
Қазіргі қолданып жүрген менталитет мағынасы - белгілі бір ұлттың, немесе ұлыстың  дүниені, құбылыстарды өз ерекшеліктері, өз талғамдары бойынша қабылдауы. Түсініксіздеу болып кетсе нақтылап көрейін, мысалы бір нәрсені біздің менталитетімізге жат дейік, ол кейбір халықтарда қалыпты нәрсе болсада, біздің салт-дәстүрімізге, ой-санамызға қайшы келеді ғой.... сол сияқты
+2 дауыс
Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.
...