+3 дауыс
1.9k көрілді
Hi-Tech немесе IT яғни айти технология cөздерінің мағынасын ашып түсіндіріп берсеңіздер?

2 жауап

+5 дауыс
Қазір ғаламдағы техника мен технологияның барлығы классикалық физика негізінен бастау алып, қарапайым екілік жүйе принципі негізінде жұмыс жасайды. Ең қарапайымы - жарықты өшіріп/қосу. 1 және 0. Тіпті, өшіріп/қосу батырмасының белгісі де 1 мен 0 санын бейнелейді. Физиканың заңына сәйкес, энергия түрленеді, сәйкесінше сіз екілік жүйеден екінің дәрежесін прогрессия түрінде ұлғайту арқылы күрделендіріп, туындаған санау жүйелер арқылы жаңа технология принциптерін мысалға келтіреміз. Пайда болған сандар аты айтып тұрғанын көрдік, бұл сандық технология. Сандар құр тұрмайды, олар өзгереді, тасымалданады, қосылады, жойылады. Бұл қасиетті көре отырып, халықаралық "ақпараттық технология" (Information Technology)терминінің анықтамасымен мазмұны жағынан сәйкесетініне және көз жеткізейік. Сонымен, ақпаратық технология үнемі жаңарып отырады, оны жаңа технология - high tech деп атай аламыз.

Екеуі синоним емес, бірақ бір біріне тікелей байланысты ұғымдар, IT - негізі, high tech - IT ұғымының тарауы. Себебін жоғарыда жаздым. Cмартфон, ұялы телефон, лаптоп, ультрабук, планшеттердің жұмыс істеу принципі сандық-ақпараттық негізге қадалады. Сіз оны ақпараттық технологиядан ажырата алмайсыз, бірақ осы ғылымның шағын тармағы екені рас. High tech девайстарды өнідерітндер кімдер? Тұттас бір мемлекеттің IT индустрия нарығындағы компаниялар.
Мысалы, high tech саналатын жүн өңдеу фабрикасын алайықшы, оларды автоматтандыратын программаланған темірлер IT технологияның берер нәтижесі
+1 дауыс
Хай-тек - қазақшаға аударғанда "жоғарғы технология", Ай-Ти - "ақпараттық технология" деген мағынаны білдіреді.
...