+1 дауыс
Күніне он мың қадам жүріп отырсам болды денсаулығым жақсы бола ма? Жалпы 10 000 қадамның қандай артықшылықтары бар? Бұлшық етті қалай өсіреміз?
19 қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Бүгінде көп адам күніне 10 мың қадам жүруім керек деп айналаны шарлап кетеді. Дұрыс. Пайдасы мол.
Бірақ бұлшық етті нығайтуды да ұмытпау керек. Неге? Себебі адам 30 жастан кейін өзінің 1-3% бұлшық етін жоғалта береді. 40-50 жастан кейін бұл процесс жедел жүреді. Мұны саркопения дейді. Бұл – табиғи процесс. Көп қария кісінің азып, бұлшық етсіз қалатыны содан.
Адам арық па, артық салмағы бар ма, ер ме, әйел ме, маңызды емес, бұлшық етті үнемі нығайтуы шарт. Себебі оның біраз функциясы бар. Қандай?
- бұлшық ет ағзада глюкозаны көп тұтынады, сондықтан қант деңгейін түсіріп отырады. Яғни, диабетке жеткізбейді.
- адам құласа, сүйектің морт сынуының алдын алады. Себебі соққы алдымен бұлшық етке келеді. Ол аз болса, сүйек бірден зақымданады.
- сүйек бұрын сынса, буын ауырса, сол маңайдағы бұлшық етті үнемі нығайтып отыру қажет болады. Себебі адамның өз салмағы сүйекке емес, етке түседі, содан сүйек ауырсынбайды.
- Бұлшық ет күшейсе, иммунитет те артады. Себебі олар миокин деген зат бөледі. Ол ісінудің алдын алады, метаболизмді үдетеді, иммунитетті күшейтеді. Оған қоса, денедегі бұлшық ет қан айналым жүйесін жедел жүргізеді. Олар иммундық клеткалардың ағзаға тез тарауын қамтамасыз етеді.
Жаза берсең, пайдасы жетерлік. Яғни, адам үйде, түзде не фитнесте темір көтеріп, жаттығуы керек екен. Бір-екі жаттыққан соң организм көбіне «қоя салшы осыны» деп қашқалақтап, ми түрлі сигнал жібере бастайды. Себебі бастапқыда бұлшық еттер ауырсынады. Алайда сәл шыдап, жігерлі болсаң, темір көтеру әдетке айналады.
Айтпақшы, күні бойы комп-тан көз алмайтындарға арқа бұлшық етінің корсет, корпусын нығайту маңызды. Сонда адам салмағы омыртқа дискілеріне емес, етке түсіп, арқа ауырмайды, дискілер қисаймайды, грыжа пайда болмайды.
Бірақ бұлшық ет деген қырсық нәрсе. 1-1,5 апта шынығуды ұмыт қалдырсаң, денеңнен ақырын жоғала бастағанын байқайсың. Ал оларды қалпына келтіру үшін кемі 2 апта фитнестен шықпауың керек.
Ал бұған дұрыс тамақтану, ерте ұйықтау, стреске берілмеу, көп жүруді қоссаңыз, саулықтың кілті қалтада жүреді.

Ұқсас сұрақтар

127,965Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы