+2 дауыс
Уайым түбі - тұңғиық, батасың да кетесің.
Тәуекел түбі - желқайық, мінесің де, өтесің.

Біткен іске сыншы көп

Өмірде әдемі адамды емес, Өмірынды әдемі еткен адамды сүй.

Осындай сізге ұнайтын қандай нақыл сөз білесіз?
13.02.2026 188 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Нақыл сөз емес, бірақ керемет айтып кеткен ғой Абай атамыз.

Өзгенің мінін тергенше,
Өзіңмен күрес өлгенше!

1. Көп біл, аз сөйле.
2. Кісі көркі – ақыл, сөзі – нақыл.
3. Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра.
15.02.2026
127,961Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,017Қолданушы