+1 дауыс
Қатігездеу Алматы деген ғажап ән бар. Бұрын да тыңдаушы ем. Екінші деммен қайта шығып, тағы хит болып жатыр. Енді осы әнді шығарған Жүргеновтің студенттері деп естігем. Білетіндер бар ма? Мұндай туындының авторларын да тани жүрейік.
13.02.2026 361 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сөзі: Мэри Хуванна
Әні: Аршаттікі



Қанша жанның ынтық қылған жүрегін
Қанша жүріп әлі таппай жүремін
Ешкімнің де орындамас тілегін
Қатігездеу Алматы
Кәрі таулар тыныштығын күзеткен
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен
Талай-талай бұзықтарды түзеткен
тәкаппарлау Алматы

Қайырмасы

Бірде теуіп,бірде тартар өзіні

Бұл қаладан кете алмайсың безіне
Күлдіріп ап жас толтырар көзіңе
Құбылмалы Алматы
Байлап алар көрінбей-ақ байқамай
Бір ауыз сөз қаларсың ау айта алмай
Жүрегіңде тартып алар қайтармай
Ұмыт болмас Алматы

Қанша жанды адастырып тұрақтан
Талай-талай биіктерді құлатқан
Талай-талай мықтыларды жылатқан
Ерке-шолшаң Алматы
Өткізіп ап талай түрлі сынақтан
Қанша жанды жылатып ап жұбатқан
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан
Тым мейірбан Алматы
13.02.2026
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы