0 дауыс
Қарасам көп көкпаршылар джинсы киіп жұреді , неге шорты н/е трико мен ойнамайды
21.02.2025 428 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Көкпар негізінен қыста, күн салқында болады ғой. Шорти киген адам жаурайды. Сондықтан шорти кимейтін шығар.

Трико кимейтін себебі суықта жаурайсың. Әрі триколардың барлығы синтетика екенін ескерсек, трико киген адам қатты терлететін шығар. Көкпардың сыртында қарап тұрған адам жаурағанымен, доданың ішіндегі адамдар ақ тер, көк тер болып жатады. Себебі аттың ыстық демі, терлегені додадың ауасын қыздырады.

Джинсиге келетін болса суық өтпейді. Қалың болады. Тіпті тақымға ешкіні басып, тартқышбектер тарса да адамның аяғын жараламайды. Адамның терісі жырылып немесе басқа да зақымдар болуы мүмкін ғой. Джинси аз болса да соның алдын алатын шығар. Етік те өте маңызды. Аяқ сынып кетпес үшін палуандар өкшесі әрі терісі қалың етік тіктіріп жатады.
21.02.2025
үздік деді
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы