Сіз дер шын жауап бересің дер ма?

0 дауыс
615 қаралым
Ағылшын тілін үренгім келеді жасым 15те
• Санаты: Мектеп | 615 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Егер ағылшын тілін меңгеруді енді бастап жатсаң, алғашқы аптада кітаптарды оқу арқылы тілдің 50%-ын құрайтын 100-200 сөзді үйренуіңе болады.

Егер мақсатың тілді тез үйрену болса, өз деңгейіңе сай мәтіндерді оқып, аудио нұсқасын тыңдауды әдетке айналдыруың керек.

Өз деңгейіңе сай ақпараттарды саралап, қажетті тапсырмаларды орындауыңа болады.

Сөздердің айтылымына және ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал.

Тілді үйренген кезде бірден айтылымын назарға алатын болсаң, келешекте еш қиындық туындамайды. Себебі меңгерген сөздерді қайта түзетіп отырғаннан гөрі, оны бірден дұрыс жаттап алған тиімдірек.

Сондықтан олардың диалогтарын көп тыңдап, дауысы мен интонациясын қайталауға тырыс.

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
7 жауап
127,947 сұрақ
322,840 жауап
153,167 пікір
72,947 қолданушы