0 дауыс
547 көрілді
Алыс Бейнем!!!

Құба кеште күн кешемін кешкілік,
Түнім тыныш үнің бірақ естіліп
Жұлдыздардан жыр жазамын жалықпай,
Сені ойлағам қалсам егер ес біліп

Сағынышың сені алдаған сендіріп,
Келеді деп жүрмекенсің сен күліп
Жасаураған жастарыңа сендегі,
Мен жүремін мұңдарымды жеңдіріп

Жаршысындай сол күндерді сағынған,
Іздейсіңбе келеді деп сағымнан
Енді өзің бастан кешіп жатсың ба,
Менде сені сонша іздеп сабылғам

Тамшысындай сен жылаған жастардың,
Енді өзіңе сағыныш боп басталдым
Ана жұлдыз сен боп ағып жатсаңда,
Қызығына тояалмаймын аспанның

Қалыс қалып мен жететін арманға,
Кірпігіңе мұң ілініп қалған ба
Неге сонша жастарыңа тұншығам,
Жоқ секілді сендей сұлу жалған да

Бізге арман үміт сырын сақтаған,
Сезімімді саған ғана ақтарам
Білесіңбе мейлі алыс жүрсекте,
Қадам бассам жететіндей шақ қалам

Терезеден түнге ұзақ қараған,
Жұлдыздарды жалыққанша санаған
Кездерімді түсіремін есіме,
Өшіп сірә қалмасын деп санадан

Қоңыр күзде мұңдар келіп жабысқан,
Күндер өтіп бір бірімен жарысқан
Егер мені соншалықты сағынсаң,
Желмен ұшып келер едің алыстан автор АРМАН БИІМБЕТОВ

3 жауап

+1 дауыс
Армани, өлеңдерің жақсы екен,бірақ бұл сайттың ережесіне келмейді, бұл тікелей сұраққа жауап алатын сайт. Бұл жерде өлең талдап,сын айту артық, себебі форум болып кетеді. Сіз мына http://aitaber.kz/ сайтқа кіріп көріңізші өкінбейсіз. Ол сайтта да осындағы адамдар,осы Админдер.
Жарайд түсінікті
0 дауыс
Өте жақсы өлең екен...Осыны өлеңмен мәнерлеп оқысаңыз,одан сайын Керемет болады...
–1 дауыс
Құсық өлең...Айтабергеде жариялап адамдарды құстырыпсың ғоү
...