Тұрақты тіркес дегеніміз не?

0 дауыс
1.1k қаралым
Тұрақты тіркес деген не?
• Санаты: Мектеп | 1.1k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес — екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді.

Тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі:

идиомалық (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама);

мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
14.03.2024 • Санаты: Қазақ тілі Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,818 жауап
153,169 пікір
72,932 қолданушы