0 дауыс
279 көрілді
Тұрақты тіркес деген не?

1 жауап

0 дауыс
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес — екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді.

Тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі:

идиомалық (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама);

мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...