0 дауыс
Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйенің түрлерін ата
Операциялық жүйенің интерфейсі
31.10.2024
өңдеді 871 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Операциялық жүйе (ағылш. operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск-жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.

Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.

Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI — Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

Операциялық жүйе интерфейсі – қолданушы мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ережелер мен құралдар жиынтығы.

01.11.2024
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы