+4 дауыс
3.3k көрілді

жылан аяқ

12 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл жыланның суда өсетін түрі болса керек,менің ойымша бұл аяқ емес,желбезек немесе қанат болар.Анық біліп айтып отырған жоқпын,жобалап айтып отырмын.Бірақ оныма негіз бар,осы жерде барлықтарыңыз жыланның аяғы жоқ деп отырсыздар,мен соны жоққа шығарамын.Жыланның аяғы бар,өз көзіммен көргенмін.Бірақ ол барлық жыланда бола ма, жоқ белгілі бір түрлерінде ғана болама білмедім.Біз құм жиегіндегі ауылда тұрғандықтан қысқы отынға негізінен секскуыл дайындаймыз.Бірде сексауыл әкелуге 20-22 жастар арасындағы төрт жігіт шықтық.Сексауылды жігерлеп жинап болғанымызша біраз уақыт жұмыс істеп шаршауға тура келеді.Күн болса ыстық.Біз жақта құмда жыланның түрі көп.Сексауылдың көлеңкесінде ыстықтан қорғалап жататын болар,сексауыл сындырып мазасын алғандарымыз иреңдеп қаша жөнеледі.Аяғымызда керзі етік,сонда да мен жаман қорқамын,әшейін сыр бермей жүрмін.Ішімізде Қисық деген бір жынды досымыз бар,ол қорқатынымды білсе біттім. Сонымен жинап болдық,енді машинаға басардың алдында бір қаужап алайық деп, сексеуілдің маздаған шоғының үстіне шайнекті қойып,ала келген анау мынауымызды шығарып жайғаса бергенімізде Қисығым келді ентігіп.Қолында бір шала жансар,30-40 см жылан:-"қазір зәкускі дайындаймын"-деп ыржиып тұр.-"Ей,құрт анауыңды"- деп шу ете қалдық.Есер неме :-"Жемесеңдер өздерің біліңдер"- деп шоқтың үстіне тастай салғаны. Отқа түсу оңай ма,жаңағы шалажансар жыланның шиыршық атып ысқырғанын айтсаңдаршы.Қып-қызыл шоқ жан қояма,бір кезде ісініп барып жарылып кетті де күйе бастады.Міне сол кезде әлгі жарықтықтың бауыр тұсынан ұзындықтары 4-6мм болатынтай қаз-қатар тізілген,қырықаяқтіке тәріздес аяқтар көрінді.Сонда мен жыланда да аяқ болады екен ғой деп ойладым.
+8 дауыс
суретке қарағанда осындай жылан бар сиякты гой
+7 дауыс
Кесіретке
Дұрыс айтасың ,бұл сырт келбеті жыланға ұқсағанмен жылан емес кесіртке. аяқтары қысқарған және аяқтары мүлдем жоқ кесірткелер түрлері  табиғатта баршылық.Көбіне адамдар жыланмен шатастырады.Бізде Қазақстанда да бар,олардың аяқтары мүлдем жоқ, басының формасына қарап, жылан ба кесіртке ме ажыратуға болады.Бұл кесірткелерді оңтүстік аймақтардан ,Сырдария өзенінің салаларынан кездестіруге болады. Жергілікті халық су жылан деп атайды.Бұл шақпайды, бірақ адамда жылан екен деген қорқыныш тудырады.
Жақсыбике апай, қай жақтыкі боласыз? Мамандығыңыз қандай?
+7 дауыс
Экология асери гой   *_* )))))))
+5 дауыс
uzin bir kesirtkege uksaydi gho minauin.
+5 дауыс
естуимше кум катты ысканда (кун тусип кызганда) жыланын аягы шыгып кетеди
+7 дауыс
Е, қазақтардың /жыланның аяғын көрген/ деген бір сөз бар емес пе? Сол сөз бекерден қалған емес
"жыланның аяғын көрген" деп қуларды айтушы еді
+4 дауыс
аяғы бар жыланды көрмеппін. Мутант жылан сияқты екен мынауың ....                                                               .
+6 дауыс
кесірткемен жыланды будандастырған ғой мынау баласы
0 дауыс
бул батпакта омир суретн  бауырменжоргалаушы немесе балык
0 дауыс
ӨЛІ МА ТІРІ МА ӨЗІ
шақшиып қарап тұр ғой
0 дауыс
Будандыстырылған шығар)
...