0 дауыс
411 көрілді
Отан неден басталады? Отан деген не? Сіздің көзіңізге Отан дегенде қандай ой келеді?

1 жауап

0 дауыс
Отан отбасынан басталады.

Адамға өмірде ең қымбаты — отбасы. Отбасы — табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар—ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы — алғашқы қадам. Отбасы —адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден отбасында басталатыны көпке мәлім.
«Отбасы – ошақ қасы» деген қазақ атамыздың мақалынан аңғарғаным, отбасы –киелі шаңырақ, ал киелі шаңырақ иелері өз шаңырағының түтіні түзу ұшқанын қалайтыны. Яғни, шаңырағымыздағы ошағымыздың оты өшпеу үшін отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жылы сөздері, шынайы ыстық махаббаты, жарасымдылығы мен сыйластығының берік болуында екені. Бұл қасиеттердің барлығы жұдырықтай жұмылған жүрегімізден шығады. Адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі -отбасы арқылы көкірегі көсем, тілі шешен, ақылы қасым, ерлігі жасын, Отанымыздың кемелденіп өсу жолында рухани жаңғыруына үлес қосар адамзат баласының тәрбиеленуі хақ.
...