0 дауыс
274 көрілді
Бастырылып қалғандардың көбісі тек қимылдай алмай қалдым деп жазыпты. Менде дәл кәзір бастырылып шошып зорға ояндым. Бірақ мен біраз болды осылай болып жүргеніне қанша рет оқытылып дем салдырдым дәрет алып жатсамда солай болады. Қап қара бір кемпір келіп қарап тұрады. Қолымнан ұстап кеттік деп тартады. Тағы бірде ақ және қара киіп алған екеуі төбемнен қарап тұрат. Дәл қазіргіде қара киген үстімнен басып арпалысып кімсің деп түрін көриін десем көрсетпит маеан қолын созып менің қолымнан ұстап тартпақшы. Бірақ сол сәтте қызым арқамнан ұстап қатты қысып құшақтап қолымнан тартып ұстап зорғарға оягдым. Тұрсам қызым ұйқтап жатыр. Не істеуге болады ұйқы қашып ұйқтауға қорқам. Бір рет емес 3-4 рет қайталанады бір түнде.

1 жауап

0 дауыс

Дәрігерлер қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайтындығын білдіріп былай дейді: Ұйқы кезінде физиологиялық сал жағдайы болады, бұлшықеттер қимылдай алмайды. Адам ұйқыдан оянған кезде әрекет ете алмайды, дыбыс шығара алмайды.Үстімізде ауыр жүк бардай, біреу отырып алған сияқты болады. Біраздан соң өздігінен өтеді. Мұндай жағдай медицина тұрғысында ауруға жатпайды, сондықтан емделу жағын қарастыруды талап етпейді. Алайда ұйқы салына түсудің алдын алу шараларын қарастыруға болады. 

Дәрігерлердің айтуынша адамдардың ұйқы салына түсуі мына жағдайларға байланысты: 

Аз ұйықтау; 

Ұйқы тәртібінің бұзылуы; 

Күйзеліс және депрессия; 

Кейбір дәрілік препараттардың кері әсері; 

Ұйықтар алдында дұрыс тамақтанбау; 

Шалқасынан жату;

Ислами тұрғыдан 

Бастырылудан құтылу үшін ұйқы алдында да намазға дайындалғандай дәрет алып жатыңыз. 

"Әузу-бисмилләһи минашшайтани ар-раджиим" сөзін айтып, оң жағымен жату керек. 

Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» оқу керек. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Үйінде Фатиха мен Аятул күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді», - деген. (Дейләми) 

Төмендегі хадис шәрифтерде білдірілген дұғаларды оқу керек: «Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим» дұғасын азанда 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді.» (Ибн Мажа) 

“Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа” дұғасын оқыған адамға, сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды.» (Мүслим)

© ummet.kz сайтынан

...